Алдын алу жұмыстары – бақылауда

Пятница, 12 Февраль 2016 06:37 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 2979 раз

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өңір басшысының төрағалығымен ОҚО ТЖД және ІІД қызметі мен аудан, қала әкімдерінің қатысуымен селекторлық мәжіліс өтті.


12661801 916553928460947 3881896381839745311 nЖиында облыс аумағында көктем мезгілінде болуы мүмкін су тасқынының алдын алу жұмыстарының барысы қаралып, елді мекендер мен суармалы және шаруашылық жерлерді, сондай-ақ, өзге де әлеуметтік нысандарды төтенше жағдайдан сақтау мәселелері талқыланды.
Селекторлық мәжілісте болуы ықтимал көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары бойынша жауапты тұлғалардың баяндамасы тыңдалды.
Айта кетейік, облыста 36,6 шақырым бөгет салынып, 325,3 шақырым дамба нығайтылған. 48,5 шақырым қашыртқы арна қазылып, 668,1 шақырым арық-атыз тазаланған. Бүгінгі таңда өңірдегі су тасқыны жағдайы бір қалыпты, қардың биіктігі өткен жылмен салыстырғанда 45-50 пайызға төмен.
Жиынға қатысушылардың баяндамасын тыңдаған өңір басшысы су тасқыны жағдайының алдын алу шаралары аясында әкімдіктер мен тиісті құрылымдарға нақты тапсырмалар беріп, халық арасындағы түсіндіру жұмыстарына бұқаралық ақпарат құралдарын да тартуды жүктеді.
Сондай-ақ, өзен арналары мен су қоймаларының маңындағы жағдайды қырағы бақылауды тапсырды. Мұнан бөлек, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, су қорғау аймақтарында шаруашылық жұмыстарына қатаң түрде шек қою қажеттігі айтылды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « 4870 кандидат ұсынылды 150 мың адам қатысады »