4870 кандидат ұсынылды

Среда, 10 Февраль 2016 06:51 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4998 раз

ҚР Парламенті мәжілісі және мәслихаттарын сайлау – ел тұрғындарының бірлігі мен ынтымағын, ауызбіршілігін танытатын маңызды шара. Соған сай дайындық жұмыстары да басталып кетті. Кеше ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов жергілікті мәслихаттар депутаттығына 4870 кандидат ұсынылғанын мәлім етті.

Turgankylov– 8 ақпандағы сағат 19-00-дегі мәліметтер бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына 4870 кандидат: 581-і – облыстық мәслихаттарға, 21-і – Астана мәслихатына, 95-і – Алматы қаласының мәслихатына ұсынылды. Аудандық мәслихаттарға 3244 кандидат, қалалық мәслихаттарға – 929 кандидат ұсынылды, – деді ол.
ОСК басшысының деректеріне сәйкес, кандидаттардың 69 пайызы – ерлер, 31 пайызы – әйелдер. Олардың 66 пайызының жоғары білімі бар.
Қ. Тұрғанқұлов сонымен бірге, Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттар депутаттығына 568 кандидатты тіркегенін де айтты.
Бұл науқанға шымкенттіктер де қызу дайындалып жатыр. Қала аумағында 29 округтік сайлау комиссиясы, 236 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Қазірдің өзінде Шымкентте 377 мың сайлаушы тіркелген.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес, саяси партиялардың тізімдердін тіркеу 19 ақпанға дейін жалғасады. Ал 20 ақпаннан бастап партиялар үгіт-насихат жұмысына кіріспек.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.