150 мың адам қатысады

Пятница, 12 Февраль 2016 06:42 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3960 раз

«Астана ЭКСПО – 2017» ҰҚ» АҚ компаниясының арнайы кестесі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысынан 150 мың азамат «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға барады деп жоспарланып отыр. Олардың 35 700-і студенттер мен мектеп оқушылары. Жалпы, көрмені жарнамалаудың есебінен халықаралық шараға 200 мыңдай өңір тұрғыны барады деп күтілуде.

Жыл барысында Елорадада өтетін көрмені таныстырып, оны насихаттау жұмыстары аясында аймақта бірқатар іс-шаралар өтпек. Мәселен, өңірде қазақстандық шоу-бизнес пен спорт жұлдыздарының арасында гольфтен «EXPO CUP – 2016» турнирі ұйымдастырылады. Сонымен бірге, демеушілердің көмегімен өлкетану туризмін дамыту аясында балалар үйінің тәрбиенушілеріне арналған ақпараттық тур, «SITF» халықаралық форумы, «ЭКСПО – 2017» флешмобтары мен «Болашақтың энергиясы: EXPO – Ontustik» инновациялық жобалардың республикалық шағын көрмесін өткізу жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін «Астана ЭКСПО – 2017» ҰҚ» АҚ-мен бірлесу арқылы бұл азаматтарға халықаралық мамандар арнайы оқыту тренингтері мен курстарын ұйымдастыратын болады. «ЭКСПО – 2017» нысандарын салуға облыстың тауар өндірушілерінің қатысуына байланысты бүгінде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, жергілікті тауар өндірушілердің арасында былтыр өткен форумның нәтижесінде түзілген меморандумның аясында көрменің құрылыс алаңдарына «Зерде Керамик» ЖШС-нан керамикалық плиталар, «Стандарт Цемент» ЖШС-нан цемент, «Ferrum Vtor» ЖШС-нан арматура, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-нан трансформаторлар тасымалданып, жеткізілуде. Алдағы уақытта «ЭКСПО – 2017» құрылыс алаңдарына облыстағы «Azala textile», «Mega Art», «Алем БТ» сынды тауар өндірушілерден тоқыма мата мен жиһаз өнімдерін жеткізу жоспарланып отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.