Әкiмдiктер жанынан «Call center» жұмыс iстейдi

Пятница, 19 Февраль 2016 05:18 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3739 раз

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

Қала азаматтарына сайлау құқығын еркін жүзеге асыруына жағдай жасау мақсатында қаладағы аудан әкімдері аппараттарында «Call center» (операторлық орталық) құрылды. Аталған орталықтардан телефон арқылы қаланың әрбір тұрғыны 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын және мәслихаттар депутаттарын сайлау күні өзінің қай сайлау учаскеде дауыс беретіні және сайлаушылар тізіміне енгізілгені туралы мәліметті ала алады.
«Call center» ағымдағы жылдың 20 ақпаны мен 20 наурыз аралығында күнделікті (сенбі, жексенбі күндерінен басқа) сағат 09.00 ден 19.00-ге дейін төмендегі мекен-жайлар бойынша жұмыс істейді және көрсетілген электрондық поштаға тәулік бойы сұрақтарды жолдауға болады.

2-11

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.