Б. Атамқұлов, облыс әкiмi: «Оңтүстiктiң өз жаңа брендi болады» Избранное

Пятница, 19 Февраль 2016 05:10 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4477 раз

Кеше облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов «Түркістан» сарайында 2015 жылғы жұмыстарды қорытындылап, елге есеп берді.

obl akim esebiЕсепті кездесуге өңір тұрғындарымен қатар, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Жасұлан Естенов, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, сондай-ақ еңбек ардагерлері, мекеме басшылары, мемлекеттік қызметкерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Облыс басшысының жылдық қорытынды жиынын өңіріміздің барлық аудан, қала тұрғындарының да онлайн режимде көруіне мүмкіндік жасалды. Алдымен көпшілік назарына жылдың басты жетістіктерін қамтыған бейнеролик ұсынылды. Атқарылған жұмыстар жетерлік. Алда шешімін күткен мәселелер де баршылық.
Одан әрі Бейбіт Бәкірұлы мінберге шығып, жылдық есепті баяндады. Өткен жылы барлық салада да жақсы көрсеткіштер бар. 2015 жылы облыстың өнеркәсіп саласында 668,5 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 2014 жылмен салыстырғанда 64,5 млрд теңгеге артқан. Бұл көрсеткіш бойынша біздің облыс республикада 5-орынды иеленді.
Аймақ басшысының мәлімдеуінше, былтыр ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 344,6 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,5% көбейген.
Былтыр облысымызға құны 143 млрд теңгені құрайтын инвестиция тартылып, 58 жаңа жоба іске асырыла бастады. Оның үштен бірі, яғни, 36 пайызы шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылып жатыр.

Алда облысымыздың танымалдылығын арттыру мақсатында «Жаңа брендинг» саясаты жүзеге асырылады. Бұл – көпшіліктің қызығушылығын тудырып отыр. Аталмыш бренд атауы Оңтүстік – «Оң» деген 2 әріптен басталып тұр. Мәселен, «Оң» – оң жақ, оң іс. «Оң» – оң жол. «Оң» – оң бата. «Оң» – оң жағынан қондыру. Облыс әкімі осындай символдар арқылы да Оңтүстігіміздің рухын асқақтатуға болатынын атап өтті. Яғни, енді біздің әр тауарымыз, әр бізден шыққан өнім – Оңтүстік сөзімен байланысты болу қажет. 

Жылдық қорытынды жиында облыс орталығы – Шымкент қаласын одан әрі дамытуға көңіл бөлінетіні айтылды.
– Шымкент – Елбасының назарындағы қала. Сол себепті облыстық әкімдік тарапынан қаланы барынша қолдау жұмыстары жасалады. Біздің мақсатымыз – тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы, қауіпсіз әрі ыңғайлы, заманға сай дамыған қалаға айналдыруымыз керек. Шымкент – облысымыздың келбеті. Сол себепті құрылыстың барысы қаланың бас жоспарына сәйкес іске асып жатыр. Болашақта да ең әуелі санитарлық-экологиялық талаптарға сай салынуы тиіс, – деді Б. Атамқұлов.
Есеп беру кездесуінде облыс әкіміне өңірдің инфрақұрылымын дамыту бағытында тұрғындар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылды. Аймақ басшысы оған жан-жақты пікірін білдіріп, басқа да жазбаша жолданған сауалдарға жергілікті БАҚ арқылы нақты жауап берілетінін жеткізді. Жиында сөз алған тұрғындар облыс әкімінің есепті кезеңде атқарған жұмысына оң бағасын берді.

Последнее изменение Пятница, 19 Февраль 2016 05:37
Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.