Өңірлік жәрдемдесу орталығы құрылды

Пятница, 19 Февраль 2016 05:27 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 5971 раз

Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның ОҚО бойынша өңірлік жәрдемдесу Орталығы құрылды. Бұл туралы Орталық төрағасы Досыбай Шерімқұлов мәлім етті. Сондай-ақ ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БАҚ өкілдеріне алға қойған жоспарлары мен мақсаттарын баяндады. Өңірлік орталық 15 ақпанда жұмысқа кіріскен.

img 2907Д. Шерімқұловтың айтуынша, өңірлік Орталықтың басты міндеті – сайлау мерзімі мен дауыс беру кезінде барлық процесті бақылап, науқанның заң шеңберінде өтуін қадағалау, әр азаматтың өз еркімен таңдауына мүмкіндік беру. Сайлаудың жоғары деңгейде, таза, ашық және әділ өтуін қатамасыз ету.
Облыс бойынша 1074 сайлау учаскесіне белгіленетін әр байқаушы оқу-тәжірибеден өткізіледі. Бүгінде өңірлік орталықта құрамы төрт адамнан тұратын штаб құрылды. Олар кезең-кезеңімен брифингтер, семинар-тренингтер мен нұсқаулық жиындар өткізіп, байқаушылардың функциональды міндеттерін түсіндіреді.
Облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Алтынбек Кәттебеков те атқарылып жатқан жұмыстарын жария етті. Оның мәлімдеуінше, жалпы облыс бойынша сайлауға 1279 кандидаттан ұсыныс түскен: облысқа -193, қалаларға – 294 және аудандық мәслихатқа – 792 адам. Олардың ішінде әйелдер – 93. 1027 – і жоғары білімді, 253 орта арнаулы білімді азаматтар. 17 ақпандағы мәлімет бойынша облыста 85 кандидат тіркелген: Облыстық – 15, қалаларға – 17 және аудандыққа – 53 адам.
– Өңірілік комиссия былтыр да жұмыс істеген. Биыл ҚР Парламент мәжілісіне, жергілікті мәслихат депуттарын сайлауы болғандықтан жұмыс көбеймек. Облыс бойынша 1074 байқаушының бәрін оқытуымыз керек. Қазір әр аудан, қаладан орталықтың өкілдерін іріктеп жатырмыз. Қоғамға белгілі, абыройлы азаматтар бәрі де. Жергілікті жерде бізге жәрдем беретін сол кісілер. Былтыр қатысқан байқаушыларды биыл тағы да оқыту керек. Қайтадан естеріне түсіріп, қалай ұйымдастырып, қала жәрдем беру керек, кемшілікті қалай жояды деген мәселені үйретеміз. Семинар облыс, аудан, қала көлемінде оқытылады, – дейді Досыбай Айтбайұлы.
Жиын соңында төраға облыс азаматтарын сайлауға белсенді қатысуға шақырды. Орталық туралы толық мәліметті мына мекен-жай бойынша білесіздер. Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 7-А мекен-жайынан немесе 8(7252) 39 30 56, факс/ 39 23 30

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.