Қолдау көрсеткендер субсидия алады

Среда, 24 Февраль 2016 05:30 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3974 раз

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа қабылдаған кәсіпорындар мемлекеттен субсидия алады. Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов осылай мәлім етті.

38ba962c9a12ed9735fd408e129– Жаңа заң жобасында халықтың ең әлжуаз топтары – мүгедектерді жұмыспен қамту туралы нормалар енгізілді. Біз кәсіпорындарға мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа қабылдау үшін 2-4 пайызға дейін квота белгілеген болатынбыз. Бұл ретте, есту, көру қабілетінен айырылған, тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтар үшін кәсіпорындарда арнайы жұмыс орындары құрылып, арнайы құрал-жабдықтармен жарақталған болуы шарт. Егер жұмыс беруші осы жағдайларды реттеп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа қабылдайтын болса, олардың шығындары мемлекет тарапынан субсидияланады, – деді вице-министр.
Оның айтуынша, ондай арнайы жұмыс орындарының мерзімі 12 айдан кем болмауы керек. Бұл – мемлекеттен субсидия күтетін кәсіпорындарға қойылатын негізгі шарт.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.