Акцияға қолдау көрсетіңіз!

Пятница, 31 Июль 2015 05:27 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 5737 раз

«Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бiрлестiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан облыстық филиалында үш мыңнан аса I-II топтағы зағип жандар есепте тұрады. Соның 370-i Шымкент қаласында тұратын көз мүгедектерi.

Тағдырдың тәлкегi аздай бұл жандардың көбiсiнiң тұрмыс жағдайы нашар, денсаулықтары дiмкәс, жұмысқа жарамсыз, бiрқатары жастары ұлғайған қарт кiсiлер.  Осындай жандарға көмек көрсету мақсатында зағиптар қоғамының облыстық филиалы 1 тамыз бен 13 қараша аралығында Халықаралық зағиптар күніне орай «Нұрлы арман, іңкәр үміт» қайырымдылық акциясын өткiзеді.
Жаны жомарт, қолы ашық қайырымды адамдар мен қалталы кәсiпкерлердің осы акцияға белсене қатысып, сауапты iске үлес қосқандарын қалар едiк. Қайырымдылық акциясына түскен қаржыға жанарынан айырылған зағиптар үшiн іс-шаралар өткiзiп, оларға мүмкiндiгiнше қаржылай көмек көрсетуге жұмсалады. Сондықтан бiздiң үн қатуымызға сергектiкпен көңiл бөлетiн, жарымжан жандарға жан жылуы мен жәрдем қолын созатын елгезек азаматтар ел iшiнен табылар деген үмiтпен қайырымдылық қорының есепшотын жариялап отырмыз.


БИН 130240004293  
Ұлттық валюталық шот:
VTB AKZ  KZ294322203398L00165
ТМД елдерінің валюталық шоты:
 KZ684322203 643L00049
«Арқау » Қоғамдық қайырымдылық қоры.  
(ОБЩЕСТВЕННЫЙ БЛАГОТВОРИТЕЛЬНЫЙ ФОНД «АРКАУ»)


Мерекелік және басқа да шаралар өткiзу үшiн Шымкенттегi тойханалардың иелерi Зағиптар қоғамының Шымкент қаласындағы ақпараттық және демеушiлермен жұмыс бөлiмiне  51-99-48 және 8-701-741-15-71  телефондары арқылы хабарласуын өтiнемiз.

«Арқау» қоғамдық қайырымдылық қоры

Последнее изменение Пятница, 31 Июль 2015 09:32
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.