Қазақ хандығы туралы сериал түсiрiледi

Пятница, 16 Январь 2015 05:11 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3559 раз

Алғашқы түсірілім жұмыстары 2015 жылы басталып, фильм қазақ тілінде түсіріледі. Орыс тілінде дубляж жасалмақ.

edfc6bad459dead0b06dce5b86f90c412Қазақ хандығы туралы көпсериалы фильм тарихи кино саласында тәжірибесі мол Қытай, АҚШ мамандарының қатысуымен түсірілуі мүмкін. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.
«Қазақфильм» киностудиясында Қазақ хандығы туралы сериал әзірлену үстінде. Белгілі продюссер, режиссерлардан (Т.Жақсылықов, С.Елубай, Р.Нұғманов, И.Ахмет, А.Асенов, А.Сатаев, Р.Әбдрашев) тұратын жұмыс тобы құрылды. Алғашқы түсірілім жұмыстары 2015 жылы басталып, фильм қазақ тілінде түсіріледі. Орыс тілінде дубляж жасалмақ.
Министрліктің хабарлауынша, фильмді әріптестік орнатқан елдердің телеарналарында көрсетілуі мүмкін. Олардың қатарында Түркия, Ресей, БАӘ, Мысыр, Иордания, Грекия, Израиль, Тайвань, Сингапур және тағы басқалары бар. Қытайдың CCTV телеарнасымен келіссөздер жүргізілуде.  Ведомствоның хабарлауынша, бұл жалғыз тарихи кинотуынды ғана болып қалмақ емес. Министрлікте «Мәңгілік ел» ұлттық фильмдер өндірісі бойынша, арнайы бағдарлама жасалды.  Аталған жоба бойынша, Қазақстанның жетекші мамандарының қатысуымен 2015-2017 жылдар аралығында танымал жанрларда фильмдер мен сериалдар түсірілу көзделген.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.