Ұлттық жерсерiктiк телевизияның артықшылығы мол

Пятница, 23 Январь 2015 05:47 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 6268 раз

Бүгінде республиканың барлық тұрғындарын отандық теле-радиоарналарды сапалы қабылдау мүмкіндігімен тең құқылы қамтамасыз етуді мақсат еткен Отау ТВ қала және ауыл халқы арасындағы ақпараттық теңсіздіктің төмендеуіне септігін тигізуде. Өзіне Ұлттық жерсеріктік телевизияны орнатқысы келетін адам не істеу керек? Жалпы бұл мәселеге қатысты «Қазтелерадио» АҚ БҚ ОРТД директорының орынбасары Т.Сағымбеков толыққанды мәлімет берді.

fullОТАУ ТВ қызметіне қосылу үшін біздің облысымызда дилерлік желі дамыған. Клиентке қосылу сұрақтары бойынша Шымкент қаласы, Луначарский көш., 11б(тел: 8 (7252) 997444 ішкі 7000, 7001, 7002, 7003, 7004, 7005) мекенжайы бойынша орналасқан Орталық сату бөліміне өтініш беруі қажет. Сондай-ақ, өтінімді он-лайн режимінде www.otautv.kz веб-порталына қалдыруға болады. Өтінім одан кейін дилерлерге әрі қарай жұмыс жасауға беріледі. Орындалуы бізбен бақыланып отырады. Өзіңізге ыңғайлы уақытта дилер келіп, жабдықты қосу жұмыстарын жүргізеді.
– Орнату қандай жинақтаушылардан тұрады?
– Жинақ тізбесіне жерсеріктік қабылдау антеннасы, конвертор, цифрлық қабылдағыш (ресивер) және кабель кіреді. Қазіргі сәтте нарықта қабылдағыштарды жеткізуді бірнеше өндірушілер жүзеге асырады. Бұлар отандық кәсіпорындар «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ және «Митио Электроникс» ( Алматы қ.). Жабдықты іске асыру мен оны құрастыру жұмыстарын зауыттардың авторластырылған дилерлері мен Қазтелерадио жүргізеді. Жабдықты қоса алғандағы орташа қосу құны БҚО бойынша 25000-28000 теңгені құрайды.
– Орнату бағасын төмендету бойынша қандайда бір жеңілдіктер қарастырылады ма?
– Жалпы алғанда Отау ТВ брэндімен хабар таратудың жаңа технологияларына өту, қымбат қабылдағыштарды пайдалану мүмкіндігі есебінен қосу құны бірнеше есеге төмендетілгенін айта кету керек. Ақпарат үшін 2011 жылға дейін қызмет «Кателко Плюс» брэндімен ұсынылған, сол кездегі қосу құны 60 000-80 000 мың теңгеге дейін жеткен болатын, бұл ретте тегін арналар топтамасы болған жоқ және жалпы арналар саны 60-тан аспаған. Арналардың толық топтамасы 5000 теңге болды, ал қазір 2000 теңге. Салдары ретінде, барлық абоненттер бұрын тек ірі қалаларда шоғырланды. Қазір біздің көрермендеріміздің 90% – ауылдық аудандар. Сондықтан, бұл жерде ОТАУ ТВ ұлттық жерсеріктік хабар тарату қызметін  халыққа айтарлықтай қолжетімді етті деп батыл айта аламыз.
– Бүгінгі күні «Қазақтелеком» АҚ қазақстандық және өңірлік телеарналары бар «iD-ТV» цифрлық телевизияның қосымша құралдарын тегін орнатуды ұсынып отыр. Ал, «Отау ТВ» одан артықшылығы неде?
– «OTAU TV» жерсеріктік телевизиясының басты артықшылығы, елді мекенге қажетті кәбіл төселді ме жоқпа, оған қарамастан сигнал жерсеріктен тікелей қабылданады. Сондықтан, OTAU TV жерсеріктік сигналы Қазақстанның 100% аумағын қамтиды. Бүгінгі күні республикада «OTAU TV» жерсеріктік телевизиясына қосылмаған бірде бір елді мекен қалмады. Екіншіден,қазақстандық 38 теле және 7 радиоарнадан тұратын «OTAU TV»-да «Базалық» тегін топтама бар.  Абоненттің шығынын базалық топтама үшін айлық төлемсіз біржолғы сипатта алып жүреді. Ал егер, абонент рейтингтік шетелдік арналарды көргісі келсе, онда қолжетімді баға бойынша ақылы топтамаға қосыла алады («Стандарт 80 арна» - 1000тг., «Элит 102 арна» - 2000тг.). Үшіншіден, бейне мен дыбыстың цифрлық сападағы 15 арнасы 3 тілде трансляцияланады – қазақ, орыс және ағылшын, яғни көрермен қабылдағышты күйге келтіруде қандай тілде тыңдайтынын өзі таңдай алады.
– Біздің оқырмандарымызды келесі мәселе қызықтырады: егер пәтерде немесе үйде бірнеше теледидар бар болса, олардың барлығына қосымша құралдар орнатылса, әр қайсысына 25 000 теңге төлеу қажет пе, жоқ біреу жете ме?
– Жеке көру үшін әр теледидарға бөлек қосымша құрал қосу қажет. Қосымша құралдың құны – орташа есеппен 14 000  теңге. Бұл жағдайда жеке жерсеріктік антенна қоюдың қажеті жоқ. Шығын материалдарына әрине, қаражат жұмсалатын болады (кәбіл, бекітпе) және құрастырушының жұмыстары, жалпы құны орта есеппен шамамен 16 000 теңгені құрайды.

logo psЦифрлық телехабар тарату желісіне қосылу мәселелері бойынша сұрақтарға жауапты «Қазтелерадио» АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық Сату орталығына: Шымкент қ-сы, Луначарский көшесі 11б, тел/факс: +7 8 (7252) 55 02 84, 99 74 44 (ішкі7000, 7001, 7002, 7003, 7004, 7005) мекенжайына өтініш беру керек. Сондай-ақ, барлық қосымша ақпаратты www.otautv.kz және www.kazteleradio.kz сайтынан табуға болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.