ЖАҢА ОРТАЛЫҚТА – ЖАҢА МІНДЕТ Избранное

Пятница, 30 Июнь 2023 04:47 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 652 раз

ҚР Әлеуметтік Кодексін іске асыру шеңберінде 1 шілдеден бастап еліміздің облыс орталықтары мен мегаполистерінде 20 еңбек мобильділігі орталығы құрылады. Ал, халықты жұмыспен қамту орталықтары мансап орталықтары болып қайта құрылатын болды. Демек, келесі айдан бастап Шымкент қаласындағы 5 аудан бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтары еңбек мобильділігі орталығына бағынысты мансап орталықтары болып жұмысын бастайды.

369

 

Жұмыспен қамту, ерікті түрде қоныс аудару, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау сынды қызметтер өзгеріссіз, бұрынғы мекенжайлар бойынша орналасатын мансап орталықтарында жалғаса береді. Еңбек мобильділігі орталықтарының негізгі жаңа функцияларына төмендегі қызметтер кіреді:
- жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау негізінде өңірдің еңбек ресурстарының теңгерімін қамтамасыз ету;
- өңірлік жұмыспен қамту карталарын әзірлеу және оларды жергілікті жерлерде іске асыруды үйлестіру;
- жұмыспен қамтудың белсенді шараларын іске асыру және өңірде іске асырылатын барлық мемлекеттік бағдарламалар мен жеке бастамалар шеңберінде ашылатын жұмыс орындарының құрылуына мониторинг;
- жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың ерікті көші-қонына жәрдемдесу және азаматтарды көшіру бағдарламаларын өңірлік деңгейде үйлестіру;
- жұмыс іздеуші ретінде жүгінген және жұмыссыз адамдарды тіркеу;
- халықты, жергілікті атқарушы органдарды және уәкілетті мемлекеттік органды өңірлік еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар ету.
Жаңа орталықтар осы функцияларды іске асыру үшін өңір аумағында жұмыс істейтін еңбек нарығының барлық институттарын белсенді түрде тартатын болады. Ол үшін оларға азаматтардың нысаналы топтарын жұмысқа орналастырумен байланысты жекелеген функцияларды аутсорсингке беру құқығы беріледі.Бұл трансформация жұмыспен қамту қызметін жүйелі түрде қайта құруға, жұмысты жақсартуға және мемлекет көрсететін еңбек делдалдығы бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.
Қызмет көрсету жүйесін одан әрі дамыту мақсаттарының бірі жұмыспен қамту саласындағы барлық қызметтер мен қолдау шараларын толық цифрландыру болып табылады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары 12-14 маусым аралығында бүкіл республика бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарының қыз-меткерлерін оқыту семинарларын өткізген.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.