ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БІРІНШІ КЕЗЕКТЕГІ МӘСЕЛЕ Избранное

Среда, 02 Октябрь 2024 04:44 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 166 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте қала әкімінің орынбасарлары Қуаныш Асылов пен Сәрсен Құранбек қазан айында жоспарланған іс-шаралар туралы баяндама жасады.

akimJJ

 

Сондай-ақ, жиында мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма және төтенше жағдайлар департаментіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев қаладағы мүсіндердің жағдайы мен даму жоспарлары туралы баяндады. Қазіргі таңда қалада 180-нен астам тарихи-мәдени мұра нысаны бар. Оларды күтіп ұстау жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Сонымен қатар, қазіргі таңда аудан аумақтарында кіші сәулеттік нысандар орнатылып жатыр. Басқарма басшысының сөзінше, Абай ауданындағы 4 мәдени ескерткішке зерделеу, түгендеу жұмыстары жүргізіліп, ретке келтірілген. Бұдан бөлек, қаладағы барлық шағын сәулетті нысандардың біркелкі болуы үшін тозығы жетіп, ескірген шағын сәулетті мүсіндер толығымен алынып, орнына жаңа үлгідегі МАФ-тар орнату жоспарлануда.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев газ баллондарының және газ ауа қоспасының жарылуының жиілеп кетуіне байланысты алдын алу шаралары туралы айтты. Қала аумағында 13 634 жеке тұрғын үй және 277 пәтерлі 15 жатақхана қатты отынмен жылытылады. Қазіргі таңда газ баллон қолданатын аталған үй тұрғындарына департамент тарапынан тұрмыстағы өрт қауіпсіздігін сақтау, улы газдан уланудың алдын алу тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы дайындалған жадынама парақтары таратылып жатыр. Бұдан бөлек, апта сайын 112 қызметімен улы газдан улану бойынша сақтық шаралары туралы СМС хабарламалар жолданып тұрады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.