«ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУ ҮШІН САНАМЫЗ ӨЗГЕРУІ КЕРЕК» Избранное

Среда, 02 Октябрь 2024 04:43 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 160 раз

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру, түсіндіру бойынша қала жастарымен, ұстаздар және дін саласы өкілдерімен кездесті. Алдымен Сейітжан қари Есжанұлы атындағы үлкен мешітте қала имамдарымен жүздесіп, дін саласындағы мемлекеттік саясат, ұлттық идеология, ұрпақтар сабақтастығы жөнінде еркін форматта әңгімелесті.

adiletKaz

 

Басқосуда Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы міндеттер, оны іске асырудың тетіктері айтылды. М.Отарбаев қазіргі жаһандану дәуірінде саналы ұрпақ тәрбиелеу, мемлекеттік саясат, қоғамдық сананы дамыту бағытында өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.
– Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстан, адал азамат қағидасын әрдайым айтып келеді. Әділетті Қазақстанды құру үшін санамыз өзгеруі керек. Қазіргі таңда ұлттық құндылықтарды насихаттап, тарихи сананы жаңғырту, жалпы мемлекетшілдік дәстүрді халыққа жеткізуіміз керек. Сіздер діни ғана емес, ұлттық идеология жолында да қызмет етіп келесіздер. Мемлекет басшысы айтқандай, біз озық ойлы ұлтқа айналуымыз қажет. Бүгінде қоғамдық мәдениетті дамыту, ұлттық бірлік пен ынтымақты сақтау - маңызды міндет. 6 қазанда өтетін жалпыұлттық Референдум саяси мәдениетті қалыптастыру жолы, – деді Мәлік Нұржанұлы.
Жиында қоғамдық мәдениетті дамыту, ұрпақтар сабақтастығын жалғау, мемлекетшілдік дәстүрді жалғастыру мәселелері талқыға түсті. Шаһарда бүгінде 94 мешіт жұмыс істейді. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуде тиісті жұмыстар қолға алынғанын атап өтті.
Сондай-ақ, ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев ұлағатты ұстаздармен жүздесіп, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты. «Түркістан» сарайында өткен іс-шараға қаладағы мектеп және колледж директорлары, білім саласы қызметкерлері қатысты.
Президент кеңесшісі Жолдау болашақ бағдарымызды айқындап берген құжат екенін, соңғы жылдары білім саласына көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.
– Еліміздің саяси, идеологиялық бағытын жан-жақты түсіндіру мақсатында өздеріңізбен жүздесіп отырмын. Президенттің кезекті Жолдауының негізгі тақырыбы – Әділетті Қазақстанды құру. Қоғамдағы барлық қордаланған мәселенің түбінде әділетсіздік жатады. Әділеттілік қағидасы алға шығуы үшін жалпы дүниетаным, ой-сана өзгеруі тиіс. Біз өткеніміз бен бүгінімізді түгендеп, болашақты ойлауымыз керек. Ұстаз – ұлттың зияткерлік қуаты. Ұстаздарды мемлекеттік идеологияны жүргізетін тұлға деп санаймыз. Сол себепті де сіздерге үлкен міндет жүктеліп отыр. Мемлекетшілдік ұстанымға назар аударыңыздар, – деді Мәлік Нұржанұлы.
Сонымен қатар, М.Отарбаев қоғамдық мәдениет білім мен ғылым арқылы дамитынын, ұстаздарға тарихи сананы жаңғыртып, оны ұрпаққа насихаттау керектігін айтты.
Жиында мектеп және колледж директорлары энергетикалық қауіпсіздікке қол жеткізу үшін АЭС салудың маңызын, жалпы болашақты ойлауымыз керектігі жөнінде баяндама жасады.
ҚР Президентінің кеңесшісі қалалық Жастар ресурстық орталығында белсенді жастармен кездесті. Мәлік Нұржанұлы кездесуде қоғамдағы өзгерістерге жастардың қатысуы қажет екенін айтты. Сондай-ақ, жастардың саяси өмірге араласуын ынталандыру, пікір алмасу және идеяларды жүзеге асыру үшін бірлескен күш-жігердің маңызын жеткізді. Жастарды кітап оқуға ынталандыру, қоғамдық сананы дамыту бағытында өз ойларымен бөлісті.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.