Әл-Фараби ауданында «Таза қала» байқауына қатысуға 23 көше, 43 аула өтініш білдірген

Пятница, 18 Сентябрь 2015 11:17 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 5482 раз
kuhvlihb-999Шымкент қаласы әкімдігінің және ОҚО «Альянс қауымдастығының» ұйымдастыруымен маусым айынан бастап «Таза қала» байқауы бастау алғаны белгілі. Осыған орай, байқау ережесіне сәйкес Әл-Фараби ауданында құрамында қоғамдық ұйым өкілдері, журналистер, жастар, тыл еңбеккерлері, коммуналдық қызмет өкілдері енгізілген жұмысшы топ құрылған. Аталған жұмысшы топ байқауға қатысуға ниет білдірген үй, көше атынан көше комитеттерінің төрағаларынан өтінімдер қабылдап, байқауға қатысушы үй, көшелерді әр 15 күн сайын аралап, сараптама қорытындылары мен фотоматериалдарды байқау комиссиясына ұсынады.
 
Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданы бойынша байқауға қатысуға ниет білдірушілер көп. Шараға қатысуға жалпы 23 көше, 43 аула өтініш білдірген. Былтырғы жылы аталған шараға қатысуға 11 көше, 54 ауладан өтініш қабылданған.
 
– Өз кезегінде бұл тұрғындар арасында аталған шараға қызығушылық пайда болғандығы және қаланы көріктендіріп, ажарын аша түсуде әр қала тұрғынының үлес қосуы маңызды да абыройлы және ортақ іс екенін түсінгендігінің айқын дәлелі, – дейді Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты Халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы Н.Тұрсынбай. – Әл-Фараби ауданы бойынша «Таза қала» байқауына қатысуға өтінім білдірген қатысушылардың ішінен жеңімпаздарды анықтау мақсатында арнайы комиссия құрамында «Үздік көше» номинациясына үміткер болған Молдағұлова көшесі №4а, Әлімбетов көшесі №45в, Рашидов 25а және «Үздік көше»  номинациясына үміткер Суворов көшесі, «Сәуле» шағынауданы, Қонаев, Жабаев көшелері қаралды.
 
Айта кету керек, байқау шартына орай Әл-Фараби ауданынан өтініш білдірген аулалар мен көшелерден «Үздік аула», «Үздік көше»номинациялары бойынша 1-ші, 2-ші, 3-орын белгіленген. Осыған байланысты байқау шарты мен талаптары бойынша жұмысшы топ әр 15 күн сайын 4 ай бойы өтінім берген мекенжайларда аралау жұмыстарын жүргізді.
 
Акция жеңімпаздары ағымдағы жылғы қазан айының бірінші он күндігінде анықталып, Қала күніне орай марапатталатын болады.
 
С. ТАСТАНБЕК
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.