Жанашырлықпен қарауды қажет етедi

Среда, 23 Сентябрь 2015 07:04 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3903 раз

Қаланы көріктендіру, абаттандыру мақсатында көптеген игі жұмыстар атқарылуда. Тазалыққа да ерекше мән беріліп, жауапты мекемелерге қатаң талаптар қойылған.

janashirlikpen 39Жауапты мекемелер өз жұмысында тұрғындардың назарын аударып, тазалыққа шақырар жаңа әдістерді енгізуде. Мысалы, қала аумағындағы барлық қоқыс алаңдарының сыртқы келбеті безендірілді. Ол жерде жарнама орналастыруға да мүмкіндік жасалған. Яғни, тұрғындарды қала тазалығын сақтауға үндеумен шектелмей, қоқысты бей-берекет тастауға ұялатындай  етіп жабдықталуда. Ендігі уақытта жасалған дүниеге жанашырлықпен қарап, қалпында сақтау тұрғындарға да тікелей байланысты.
Алайда, өкінішке қарай, тұрғындар игілігі үшін жасалған дүниелерді бұзып, қирататын қаскөйлер табылуда. Жуырда, «Колос» аялдамасындағы жер асты өткелінде болған қала əкімі Ғабидолла Әбдірахымов тəртіп сақшыларына ондай бұзақыларды қатаң жазалау керектігін айтты.
– Мемлекет тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ыңғайлы жағдай туғызады. Осы өткел халық үшін жасалды ғой. Ал оны бұзақылар бүлдіріп, қиратып кетеді. Сіздер, тәртіп сақшысысыздар. Қоғамдық орындағы бұзақылық әрекеттерді назарға алуларыңыз қажет. Дәл осы жерде арнайы бақылау бекеті бар. Енді түнгі мезгілде инспектор қою керек, – деді Ғ. Әбдірахымов.
Жер асты өткелі қабырғалары ұлттық нақышта безендірілген арнайы қыштармен (плиткалар)  қапталған болатын. Бірақ, бұзақылар олардың бірқатарын сындырып, ұсқынсыз күйге түсірген. Қазір қаладағы көп нысан вандализмнің зардабын шегуде. Яғни, қаламыздағы халықтың пайдалануына берілген нысандар жанашырлықты қажет етеді. Енді «Колос» аялдамасындағы жер асты өткеліне түнгі уақытта бақылау пункті орнатылатын болды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.