Жәрмеңкеге шақырамыз!

Понедельник, 12 Октябрь 2015 10:53 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4978 раз
Шымкентте әр жексенбі сайын аудан әкімдіктерінің ұйымдастыруымен әр ауданның аумағында жәрмеңке өтеді. Әл-Фараби ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен демалыс күні Тәуелсіздік саябағының көлік тұрағы маңында диқандар мен тауар өндірушілер өз өнімдерін арзан бағада  сататын болады.

Мәселен, өткен жексенбіде Ордабасы ауданы мен Ақсукент, Түркістан қаласының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер өз тауарларын Шымкент қаласының тұрғындарына ұсынды. Аудандардың әрқайсысы 3 тонна көкөніс, 500 килограмм ет, 1 тонна картоп және 500 килограмға жуық  жеміс-жидек пен сүт өнімдерін жеткізіп, қалалықтар үшін жеңілдетілген бағада саудаланды.
 
Құрметті қала тұрғындары!
 
Сіздерді жергілікті тауар  өндіруші кәсіпорындар, көтерме сауда фирмалары және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жәрмеңкесіне шақырамыз. Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, «Нұрсәт» шағынауданы «Шахан-2» сауда орталығының алаңшасы және Сайрам тұрғын алабы «Ынтық» базарының алаңшасы.

Ақпарат алу үшін:
42-10-19,8701-207-77-02, 8-701-102-22-01
Последнее изменение Понедельник, 12 Октябрь 2015 10:56
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.