Қыста жаурамаймыз ба?

Понедельник, 12 Октябрь 2015 10:56 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2656 раз
Қала тұрғындарын жылумен қамтамасыз ететін мекемелер  мен жауапты  сала қызметкерлерінің мәлімдеуінше, шымкенттіктер бұл қыста да жаурамайды. Өйткені, қаланы жылумен қамтитын «Энергоорталық» АҚ мен «Қуатжылу орталық-3» МКК  жаңа жылу маусымына 99 пайыз дайын.

Бұл туралы қалалық коммуналдық шаруашылығы бөлімінің маманы Гүлнәз Шадманова мәлім етті. Биыл ұзындығы 5,8 шақырымды құрайтын жылу құбырлары күрделі жөндеуден өтті.  Қазан айының алғашқы аптасында оның 3,8 шақырымы толық жөнделген  Г. Шадманованың айтуынша, жылу жүйелері 15 қазанға дейін ауыстырылып бітуі тиіс. Қаладағы көпқабатты 1762 тұрғын үйдің 1711-і,  сондай-ақ, 346 бюджеттік мекемелер де жылу қабылдауға дайын.
 
Э. МЫҚТЫБАЕВА
Последнее изменение Понедельник, 12 Октябрь 2015 10:59
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Жәрмеңкеге шақырамыз! 34 көпқабатты үй жөнделдi »