34 көпқабатты үй жөнделдi

Понедельник, 12 Октябрь 2015 10:59 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4160 раз
77888Облысымызда биыл «Өңірлерді дамытудың 2020-жылдарға дейінгі бағдарламасының» негізінде 34 үй күрделі жөндеуден өткізілді. 2011 жылдан бері Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарындағы 1971 үйдің 947-і жөнделеді деп жоспарланған болатын.  

Төрт жылдың ішінде Шымкент қаласында 103 көппәтерлі ескі ғимараттар жаңарды. Жоспар бойынша 2011-2013 жылдары 35 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтсе, соңғы екі жылда бұл көрсеткіш 70 үйге жеткен. Бағдарламаға сәйкес республикалық бюджеттен өткен жылы 210, 0 миллион теңге жұмсалған. Биыл бөлінген қаражат 252,1 миллион теңгені құрап отыр. «Осы жылы жоспарланған 34 үйдің 33-і мемлекеттік қабылдаудан өткізілді. Алайда, тізімдегі Терешкова көшесіндегі 18 үйдің төрайымы үйге табиғи газ жүргізілмейінше құжатқа қол қоюдан бас тартуда. Аталған мәселе комиссия құрамымен актіленіп, мемлекеттік қабылдауға өткізілді», – деп хабарлады тұрғын үй инспекциясының басшысы М. Жұманов.

Коммуналдық инфрақұрылымды жақсартатын бағдарлама халықтың  тұрмыс-тіршілігіне оң әсер етуде. Өңіріміздегі жоспарлы жұмыс жыл санап қарқындай түссе, алдағы уақытта тозығы жеткен үйлер саны азаяды деп күтілуде.
Последнее изменение Понедельник, 12 Октябрь 2015 11:03
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.