Жеңiл өнеркәсiптi жандандыру жолдары талқыланды

Понедельник, 12 Октябрь 2015 11:14 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 5471 раз
 MG 5420Шымкенттегі «Көрме» орталығында «Тоқыма өнеркәсібіне арналған тауарлар мен жабдықтар - Machtex 2015» атты I халықаралық көрме-форумы өтуде. Көрмеде еліміз бен Корея, Польша, Ресей, Түркия, Украина және Өзбекстанның кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынды.
 
Шымкенттік кәсіпкерлер де бәсекеге қабілетті өнімдерін көпшілік назарына ұсынуды жөн санапты. Солардың бірі – «Əлем-БТ” ЖШС-нің жыл соңына дейін ашылатын шұлық зауытының  алғашқы өнімі. Кореядан алдырылған тігін машинасы он секундта бір шұлық тігеді екен.

– Біз 240 тігін машинасына тапсырыс берген едік, бүгінде 60-ы келді.  Бүгінгі көрмеге екі тігін машинаны әкеліп, өз өнімдерімізді халыққа таныстырып жатырмыз. Жақында біздің зауытта тоқылған сапалы шұлықтар нарыққа жол тартады, – дейді Əлем-БТ” ЖШС-нің директоры Асылан Ибадуллаев. Көрмеге келушілер тоқыма өнеркәсібіне қажетті шикізат өнімдері, құрал-жабдықтар мен киім-кешектерді тамашалап ғана қоймай, сатып алып жатты.

Отандық және шетелдік өндірушілердің көрмесі «Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін қалпына келтіру жолдары және өсудің жаңа нүктелері» атты форуммен жалғасты. Онда «Nadloc» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Бектұргенов, ОҚО кәсіпкерлік индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Бауыржан Омарбеков, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының атқарушы хатшысы Евгений Больгерт, тағы басқалар тоқыма өнеркәсібінің инвестициялық әлеуетіне қатысты мәселелерді талқыға салды. Өндірістік цехтарды соңғы технологиялармен жабдықтау, қазақстандық жеткізушілерден киімді мемлекеттік тапсырыспен алу жүйесін құру, инвестиция тарту сынды басқа да өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды.

Сондай-ақ, іс-шара аясында отандық дизайнер өкілдері балаларға, әйелдерге және ерлерге арналған киім көрсетілімін ұсынды.
 
Ә. ӘБУ
Последнее изменение Понедельник, 12 Октябрь 2015 11:18
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.