WhatsАpp көмегiн пайдаланыңыз!

Понедельник, 12 Октябрь 2015 11:40 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2809 раз
index777Құрметті қала тұрғындары!
 
Қала тазалығына жауапкершілікпен қарау баршамыздың міндетіміз. Бүгінде шаһар аумағындағы тазалық жұмыстары қала əкімі Ғабидолла Əбдірахымовтың жіті назарында тұр. Десек те, ауқымды жұмыста қала тұрғындарының да көмегі өте қажет. Шымкент қаласы қала əкімдігінің екі арнайы нөмірі WhatsАpp желісіне қосылды.
 
+ 7 777 885 8513 – Егер де жол бойында ретсіз сауда, күл-қоқыс, тұрғындардың заңсыз əрекеттері мен қоғамдық көліктердің жүйесіз жұмыстарына куə болсаңыз, тез арада суретке түсіріп, осы нөмірге жіберулеріңізді сұранамыз. Ол бойынша əкімдік инспекторлары арнайы хаттама толтырып, қатаң бақылауға алады.
 
+7 777 885 85 02 – Ал қылмыстық оқиғаға куə болсаңыз, жол ережесін сақтамаған жүргізушілерді көрсеңіз, көше-аулаларда  орын алған заңсыздықтарды Шымкент қаласының Ішкі Істер департаментінің WhatsApp нөміріне жіберуіңізге болады.
Последнее изменение Понедельник, 12 Октябрь 2015 11:42
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.