Қала күнi жетi күн жетi түрлi атаумен тойланады

Понедельник, 12 Октябрь 2015 11:46 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4316 раз
Еліміздегі үшінші қала мәртебесіне талпынып отырған Шымкент  биыл қала күнін жеті түрлі атаумен жеті күн тойламақ. Әр күн дербес атауға ие болып, соның аясында тұрғындардың қалаға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімін оятатын тәрбиелік мәні бар мерекелік шаралар ұйымдастырылмақ. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында өткен брифингте  қала әкімінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек мәлімдеді.  
 
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, шырайлы Шымқала туған күнін осылайша ерекше атап өтпек. Жыл санап гүлденіп, көркейіп келе жатқан шаһардың туған күні  өзіндік ерекшеліктермен есте қалмақ.

Қазанның 10-17 күндер аралығында өтетін мерекелік шаралар әр түрлі атаумен тойланады.  Сондай-ақ, мерекелік шарада ат бәйгесі, қыз қуу, тағы басқа ұлттық спорт ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып,  еліміздің эстрада жұлдыздары мен шетелдік әншілер өнер көрсетеді, – деп хабарлады қала әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұрат Базарқұлов.

Э. МАҚСАТ
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.