Жаңара бер, жасампаз Шымқала! Избранное

Пятница, 16 Октябрь 2015 06:36 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4091 раз

shariktaiber shymkala 42

Құрметті шымкенттіктер және қала қонақтары!

Сіздерді Шымкенттің төл мерекесі – Қала күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Өркениеттің озық үлгісі және көне заман рухы бүгінгі мегаполис тынысымен үйлесімді өрілген, 2200 жылдан асатын тарихи тамыры терең Шымкент қаласы жыл санап дамып, жаңара түсуде. Келбеті өзгеріп, жаңа шағынаудандар, жайлы да сұранысқа ие тұрғын үйлер салынуда. Өз қаласына ерекше сүйіспеншілікпен қарайтындар – үшінші мегаполистің басты байлығы, олар күнбе-күн өз жұмыстарын атқара отырып, шаһардың дамуына үлес қосуда. Яғни, еңбекқорлығымен де танымал шымкенттіктер барлық әлеуметтік жағдай жасалған қалада тұруға лайықты. Экономикасы мен әлеуметтік саласы дамып, заманауи ғимараттарының көркі мен келбеті жарасым тапқан, Шымкент өмір сүруге қолайлы қалаға айналды.
Бүгінгі таңда облыс орталығында түрлі халықтардың ұлттық салт-дәстүрлерінің сақталуы мен нығая түсуіне барлық мүмкіндіктер қарастырылған, қала тұрғындары ынтымақ пен бірлікті ту етіп, татулықта ел игілігі үшін еңбек етуде. Бірлесе атқарған еңбектің нәтижесінде  көптеген ауқымды жобалар жүзеге асырылып, жаңа да заманауи әлеуметтік нысандар бой көтеруде.

Құрметті шымкенттіктер!

Баршаңызды Қала күні мерекесімен құттықтай отырып, сіздерге көне шаһардың гүлденуі жолындағы еңбектеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Біздің қаламызда одан әрі үдемелі дамуға үлкен мүмкіндіктер бар, оны тек ортақ күш-жігермен жүзеге асыруға болады. Сіздерге зор денсаулық, барлық бастамаларыңызға сәттілік пен отбасылық амандық тілейміз! Біздің сүйікті қаламыз ізгілікте гүлдене берсін!

Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ,
Шымкент қаласының
әкімі
Нұрлан БЕКНАЗАРОВ,
Шымкент қалалық мәслихатының
хатшысы
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.