Базарлар қала сыртына көшiрiледi

Пятница, 16 Октябрь 2015 07:06 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 5508 раз

«Rixos Khadisha Shymkent» қонақүйінде Өңірлік кәсіпкерлік кеңесі мен Шымкент қаласы әкімдігінің бірлескен жиыны өтті. Алқалы кеңеске белгілі кәсіпкерлермен қатар, облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов және ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Абубакиров қатысты.


Жиынды кіріспе сөз сөйлеп ашқан Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Əбдірахымов кездесудің маңыздылығына тоқталып, облыс кәсіпкерлерінің қалалық құрылымдарына қатысты бірқатар мәселелерге тоқталды. Қаламыздың дамуы үшін маңызы зор жиынның мақсаты – жергілікті билік пен жеке кәсіпкерліктің әріптестігін дамыту екенін атап өтті.
Қала әкімінің айтуынша, бүгінгі таңда ресми мәлімет бойынша Шымкентте 878 мың халық тұрады. Ал қалалық ХҚКО-ның деректері бойынша қала халқы 1 миллион 92 мыңға жеткен. Болашақта қаланың Бас жоспары негізінде Шымкент тұрғындарының саны 2030 жылы 1 млн. 700 мыңға, 2050 жылы 2,5 млн.-ға жетеді деп көзделуде. Шаһар басшысы өз сөзінде Елбасының тапсырмасына сәйкес, Шымкентті ірі мегаполиске айналдыру бойынша жаңа жобалардың қолға алынып жатқанын да атап өтті.
– Біз қаладағы ретсіз сауда мен базарларды жойып, заман талабына сай сауда орындары мен алып дүкендерді салуымыз керек. Жоспарымыз бойынша 2017 жылдан бастап ірі базарлардың бәрі қала сыртында болады. Тек жеміс-жидек пен көкөніс сататын сауда орындары қалады. Қала ішіндегі базарлар шаһардың жаңа келбетін айшықтап, ажарын ашып тұратын сипатта безендіріледі. Базарлардың көшірілуі – қаланың тазалығы үшін қажет, – деді қала әкімі.
Кездесу барысында Шымкент қаласы әкімдігі мен ОҚО Кәсіпкерлер палатасы арасында өзара ынтымақтастық меморандуымына қол қойылды.

С. ӘУЕСБЕК

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.