Электр энергиясын өндiретiн станса салынады Избранное

Среда, 24 Февраль 2016 05:00 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4776 раз

elektr energiasy OKOТұрғындарды баспанамен қамту мақсатында өткен жылы Шымкент қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 4271 пәтерлі 74 тұрғын үй пайдалануға берілген. Ал осы жылы облыс бойынша 1816 пәтерлі 115 үйді тапсыру жоспарлануда. Олардың 35-і яғни, 1260 пәтер Шымкент қаласында. Бұл туралы Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.

Облыс әкімі БАҚ өкілдеріне Шымкентте қоқыстан электр энергиясын өндіретін станса салынатынын да атап өтті.
Аталмыш станса 2014 жылы Шымкент қаласының маңында пайдалануға берілген қоқыс іріктейтін зауыттың базасында салынбақ және ол қалаға қосымша 50 МВт электр энергиясын беретін болады.
– Қазіргі уақытта Шымкент қаласының аумағы ұлғаюда. 2014 жылы іске қосылған қоқыс өңдеу зауыты барлық қоқысты өңдеп үлгере алмай жатыр. Қазіргі уақытта Гонконг пен Сингапур тәжірибелерін зерттедік. Келешекте біз барлық қоқысты электр энергиясына айналдырып отыруды жоспарлаудамыз. Қоқыс өңдеу стансасы 50 МВт электр энергиясын шығаратын болады. Сонымен қатар қосымша жылу энергиясы да өндіріледі, – деді облыс әкімі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.