Волейбол бәсекесі өтті

Понедельник, 30 Сентябрь 2024 09:42 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 212 раз

Шымкент қалалық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен "Есірткіге жол жоқ!" акциясы аясында волейболдан жолдастық кездесу ойындары өтті. Іс-шара саламатты өмір салтын насихаттау және жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыруды мақсат еткен.

Есірткіге қарсы күреске акциясы аясында жоғары оқу орындары арасындағы жолдастық кездесуге "Мирас" университеті, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ, Орталық Азия Инновациялық университеті және Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты.

Спорттық бәсекеде қатысушылар командалық рухты нығайтып, спорттың адам денсаулығына пайдасын көрсете білді. Сайыста командалар жоғары деңгейде шеберлік танытты.

Жарыстың нәтижесі бойынша "Мирас" университеті командасы 1-орын, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ командасы 2-орынды жеңіп алды. Орталық Азия Инновациялық университеті командасы жүлделі 3-орынға иелік етті. Іс-шараның қорытындысында барлық қатысушылар мен жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.