Жерлестерiмiз – Азия чемпионы

Пятница, 14 Август 2015 11:42 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 6089 раз

Кикбоксингтен Үндістанда өткен Азия чемпионатында шымкенттік спортшылар 4 алтын, 2 қола медаль жеңіп алды. Сары құрлықтың басты бәсекесінде 40-қа жуық елдің өкілдері бақ сынады.

jerlesterimiz asia chemp 33Еліміздің ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен облысымыздың 4 спортшысы қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен ұтып, өз салмақтарында Азия чемпионы  атанды.
Алғаш болып рингке көтерілген 81 келі салмақ дәрежесіндегі Бабуржан Артықбаев, сондай-ақ аса ауыр салмақта, 91 келіде Ғалымжан Өтегенов чемпион атанды. Ал, қыздар арасындағы сында 48 келіде күш сынасқан Нұржайна Елубаева мен 56 келіде Аида Тұяқбай
өз мықтылықтарын байқатып, үздік шықты.
Жеңіспен оралған спортшыларды Шымкенттегі №2 олимпиада резервін дайындайтын спорт мектебінің директоры Ерік Байжанов арнайы қабылдап, сый-құрмет көрсетті.

С. ӘУЕСБЕК

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.