Жас аяқдопшылар сынақтан өтуде

Пятница, 14 Август 2015 11:49 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 3703 раз

Қазақстанның Футбол федерациясы облыс орталығы – Шымкент қаласынан футбол академиясын ашуды жоспарлауда. 7-ші тамыздан бастап осы мектепке жас балғындарды қабылдау жүргізілуде.

jas aiakdopshilar 33Қазір Испаниядан келген мамандар (суретте) үш жас ерекшеліктері бойынша емтихан сынақтарын алып жатыр. Іріктеу сынақтары 15 тамызға дейін жалғасады. Футбол академиясына жалпы 66 жас ойыншы қабылданбақ.
Дәл қазіргі уақытта шетелдік бапкерлердің қарамағында күніне 100-ге жуық жасөспірім сынақтан өтіп, өз шеберліктерін көрсетуде. Қырағы мамандар жергілікті жас футболшылардың алаңдағы допты игеру тәсілдерін жіті бақылап, қадағалау үстінде.
ОҚО балалар футболы мектебінің аға бапкері Олег Сабировтың айтуынша, шетелдік мамандардың қолдауы шымкенттік жас аяқдопшыларға үлкен септігін тигізбек.
Алдағы уақытта футбол академиясында шымкенттік бапкерлер шетелдік әріптестерімен бірігіп, тұрақты түрде тәжірибе алмасуды көздеп отыр. Академияға қабылданған жасөспірімдер «БИІК» футбол орталығының базасында жаттығатын болады.

С. ӘУЕСБЕК

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.