c5e6402a-d6e4-4c02-902a-74ac65a50bee

...Бүгінде стационарлық валидарторлар 350-ден астам автобусқа орнатылды. 30 қыркүйекке дейін барлық автобустарға қойылады. Жалпы 15 қазаннан бастап төлем жүйесі енгізіледі. 1 қарашаға дейін жолаушылар төлем картасы және қолма қол төлеуге мүмкіндігі бар. 1 қарашадан бастап, карта арқылы 70 теңге, қолма қол төлеу 100 теңге болады...

Шымкентте 15 қазаннан бастап қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесі енгізіледі. Бұл – үшінші мегаполистегі қоғамдық көлік қызметін жаңғырту жобаларының бірі.

Шаһарда бұл бағыттағы жұмыстарды жаңғыртуда бірқатар шаралар қолға алынған болатын. Бұған дейін қалаға жаңа автобустар жеткізілді. Енді төлем жүйесіне де жаңа өзгерістер енгізілмек.
Осы орайда, Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында «Төлем» электронды билет жүйесін енгізу мәселесі бойынша баспасөз брифингі өтті. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, «QazSmartTrans» ЖШС бас директоры Сержан Ақылбаев жаңа жобаны жан-жақты түсіндіріп берді.
– Электронды төлем жүйесін енгізу «QazSmartTrans» ЖШС-нің жеке инвестиция есебінен жүзеге асады. Инвестиция көлемі – 1,2 млрд. теңге. Бүгінде стационарлық валидарторлар 350-ден астам автобусқа орнатылды. 30 қыркүйекке дейін барлық автобустарға қойылады. Жалпы 15 қазаннан бастап төлем жүйесі енгізіледі. 1 қарашаға дейін жолаушылар төлем картасы және қолма қол төлеуге мүмкіндігі бар. 1 қарашадан бастап, карта арқылы 70 теңге, қолма қол төлеу 100 теңге болады.
Жобаны іске асырудағы негізгі мақсат – «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, қоғамдық көліктің қызметін жақсарту және жолаушыларға қолайлы жағдайларды жасау, қалалық бюджетке түсімдерді арттыру, жолаушылар ағынының таралуы бойынша нақты статистикалық есебін беру, ашық деректер арқылы әлеуметтік мәні бар маршруттарды субсидиялау, – деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М. Исахов брифингте жаңа жүйенің ерекшеліктеріне тоқталып.
Электронды билет жүйесі әр маршруттың тиімділігін, компаниялардың табысы мен шығынын айқындайды. Тағы бір ерекшелігі, төлемнің әртараптандырылуында.
Қоғамдық көлікте төлем жасау үшін электронды карталардын 4 түрі қарастырылған – стандарттық (жалпы пайдалануға), мектеп оқушыларына, студенттерге және жеңілдіктерге арналған карталар.
Компания басшысы Сержан Ақылбаев жаңа жоба жайлы толығырақ мәлімет берді. Оның айтуынша, көлік картасының бағасы 500 теңге. Жолаушылар көлік картасымен, SMS, QR-код, смартфонды (NFC) қолдана отырып, жол жүру ақысын төлей алады. Төлем карталары қалада 3000-нан астам орында, дүкенде сатылады. Картаны банктердің банкоматтары арқылы, мобильді қосымшалар арқылы толтыруға болады.
«QazSmartTrans» ЖШС-гі тарапынан 14 мың көлік карта Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне (Ерен еңбегі үшін медалімен марапатталғандар) Батыр ана, Алтын алқа, Күміс алқа төс белгілерімен марапатталғандарға және І - топтағы көру қабілеті нашар зағип жандарға тегін таратылады.
Мақсұт Исаховтың айтуынша, жаңа жүйе жалпы талдау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Көлік компаниялары табысын айқындау арқылы несие алуы да қолжетімді бола түседі. Қарапайым халыққа да, мемлекетке де, әкімдікке де, компанияға да қолайлы жоба.
Мақсұт Пернебайұлы картаны сатып алу арқылы әрбір тұрғын қоғамдық көлік саласын жаңғыртуға үлес қосатынын атап өтті. Жаңа жобаның қолданылуы аясы кеңейіп жатса, жүйе одан әрі дамытыла бермек.
Сержан Зиябекұлының мәлімдеуінше, бұл жоба бүгінде Атырау қаласында іске асуда. Қазіргі таңда Шымкентте жоба бойынша 22 адам жұмыс істеуде. Болашақта 30 адам жұмыспен қамтылмақ.
Төлем карталары 1 қазанда сатылымға шығады. Бүгінде смартфон пайдаланушыларына арналған «Open Shymkent» мобильдік қосымша әзірленді. Тұрғындарға тиісті мәлімет беру үшін 4 операторы бар CALL-орталығы (87758112222) ашылды.
Сондай-ақ, брифингте
Д. Қонаев пен Т. Рысқұлов көшелерінің қиылысында жолайрық салу мәселесі бойынша мәліметтер айтылды. Аталған құрылыс жұмыстары биыл басталады. Келесі жылдың желтоқсанында жолайрықты аяқтау жоспарлануда.
Мақсұт Пернебайұлының айтуынша, Шымкентте 4 жолайрық салу көзделіп отыр. Бүгінде екі жобаның жобалық-сметалық құжаттамалары дайын. Мердігер компаниялар анықталды.

 

Ә. АЙТӨРЕ

ТЕАТРДЫҢ ЖАҢА МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

Среда, 30 Сентябрь 2020 06:15

i-

Шымкент қаласында жеңілдетілген карантин режиміне сәйкес, 28 қыркүйектен бастап қаладағы барлық театр өз көрермендерімен қайта қауышты.

Бүгінгі таңда мегаполисте 6 театр және 1 мәдениет үйі жұмыс істейді. Жаңа маусымда өнер ордалары шаһар тұрғындары мен қонақтарын түрлі премьераларымен қуантпақ.
Атап айтқанда, Өзбек драма театры 29-30 қыркүйек күндері «Әпендізада» комедиясын ұсынады.
Ал қалалық Жұмат Шанин атындағы академиялық драма театрында 7-9 қазанда көптен күткен 87-ші театр маусымының шымылдығы түріліп, «Аманат» атты тамаша туындыны көрерменге ұсынғалы отыр. Шымкент әзіл-сықақ және сатира театры XIII маусымының ашылуына орай У.Әбдіраймовтың «Карантиндегі қызықтар» атты сазды – думанды қойылымын тамашалауға шақыруда.
Айта өту қажет, санитарлық талап пен арақашықтықты сақтау үшін көрермен залы 50 адаммен шектеледі. Сондай-ақ, медициналық бетпердемен келу міндеттеледі.

730b2397-0ff2-4a21-918c-1707ee663efc

30 қыркүйек – Әділет органдары қызметкерлерінің күні. Кәсіби мереке қарсаңында Шымкент қаласы Әділет департаментінің бастығы Нұржан Махамбетовпен аз-кем сұхбаттасудың сәті түсті. Жұмысқа кіріскеніне көп бола қоймаған жаңа басшы департаменттің жұмысын жүйелеуге көшкенін айтты.

7/24 немесе WhatsApp-тың тиімділігі

Ашықтық және қолжетімділік. Бұл сөзді әркім әрқалай түсінуі мүмкін. Ал мемлекеттік қызметте жүргендер ел Президенті қойған талап деп ұғынса керек-ті. Нұржан Әлиханұлы бұл ұғымды «халыққа бір емес, екі қадам жақындау» деп біледі. Олай дейтініміз басшы алдымен ұжымның жұмыс тәртібін өзгерте отырып, тұрғындарға жақындау керек деген ұстанымды алға тартты.

– Пандемия кезінде елде көптеген проблемалар болып жатты. Соның бірі – мекемелердің алдында адамдардың топтасуы еді. Әлеуметтік мәселелерді шешудің өзінде кейбір жағдайларға көңілім толмады. Қазір сол кедергілерді жоя отырып, жұмыс істеуге бекіндік. Бұған дейін департаментте тұрғындарды қабылдау аптасына бір рет ұйымдастырылып келген. Қазір ол олқылықтың орнын толтыру үшін әр салаға жауаптылардың байланыс нөмірлерін тұрғындарға қолжетімді еттік. Оны департамент орналасқан ғимаратқа кірген әрбір адамның назары түсетін орыннан көруге болады. Әділдік іздеп келген тұрғындардың мәселесіне қанағаттанарлық жауап алып кеткенін қалаймын және бізге келеушілер ешқандай қоңыраусыз да өз істерін бітіре алатынына сендіргім келеді. Мессенджерлер тиісті сала мамандарымен байланысудың оңай тәсілі болса, Open space ашықтықта жұмыс істеуге мүмкіндік береді, - дейді ол.

 

f5817bc0-d638-420c-9b54-c83fe066921d

Шымкент қалалық Әділет департаментінің бастығы Нұржан Махамбетов

Жалған кәсіпкерліктің жолын кесу, алимент төлеуден жалтарған азаматтармен күресті күшейту. Жалақы қарызын барынша азайту. Сот орындаушылар жұмысының тиімділігін арттыру. Міндет айқын, меже белгілі. Нұржан Махамбетов жүз жылдық тарихқа ие әділет органдарының жұмысын жетілдірумен қатар, халықтың құқықтық сауатын ашуды қалайды. Бұл ретте департамент басшысы жаңа технологияның мүмкіндігін қолдана отырып, тегін қызметтер түрін ұсынбақ.

– Қазір адамдар уақытын тиімді жұмасуы үшін цифрлық технологияның көмегімен көптеген мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ, мекеме табалдырығын тоздырмай алуға жағдай жасаланып тиісті жұмыстар өз дәрежесінде атқарылуда. Әділет департаментіне жүгінген азаматтар үшін алдағы уақытта Telegram бот арқылы тегін қызметтер легін ұсынамыз. Әлеуметтік желілер арқылы біздің департамент қызметкерлерінің жұмысына берген халықтың лайықты бағасын саралауға көштік. Ашық алаңшаға тұрғындар ойын еркін білдіріп, шешімін таппаған мәселелері болса айта алады. Біз оны назарға алып, тиісінше жауапты жолдаймыз. Президент Жолдауында мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдарын барынша ашықтыққа шақырып отыр. Біз осыны іс жүзінде жүзеге асырудамыз. Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда онлайн-форматта сауалнама іске қосылды. Оған кез келген пайдаланушы қатысып, Әділет департаментінің қызметіне баға бере алады және дәл сол жерден Департамент басшылығының жеке қабылдауына жазыла алады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың көріністері жайлы Әділет департаментінің сенім телефонына 33-79-29 нөмiрi арқылы хабарласуға болады. Осы және басқа да шараларды жүргізу арқылы Әділет департаментінің қызметінің ашықтығы принципін, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын жүзеге асыру бағытын басымдық ретінде белгіледік,- дейді Н.Махабетов.

Салада атқарылған жұмыстарды айтып, жағымды жаңалықтармен бөліскен Нұржан Әлиханұлы кәсіби мереке – Әділет органдары қызметкерлерінің күнімен барлық әріптестерін құттықтауды ұмытпады.

– Барлық әріптестерімді төл мерекемізбен шын жүректен құттықтаймын. Әділікті ту еткен әрбіріңіздің дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілегім келеді. Елге атақ-абыройымызбен емес, атқарған жұмыс, сіңірген еңбектеріңізбен сыйлы болайық! Әлемді шарлаған аты жаман індеттен сақтанып, ауру-сырқаудан аман болайық, мереке құтты болсын!

Сыбайлас - жемқорлық мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай – ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады.

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де зор нұқсан келтіріп отыр.

Жемқорлықпен күресті әр ел әртүрлі тәсілді пайдаланып жүргізеді. Бірі заңының мықтылығына, жазаның қаталдығына иек артса, енді бір ел жемқорлыққа жол бермеу үшін мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талапты көтеріп, олардың жалақысын жоғарылатуды жөн санайды. Тағы бір елдер сыбайластыққа жол бермеудің жолы құқықтық түсіндіру, кеселдің алдын алу деп біледі. Қазақстан жас мемлекет болғандықтан, дамыған елдердің жемқорлыққа қарсы қолданған тәжірибесінің барлығын зерделеп, артық-кемін саралап, өз қызметтерінде қолдануға тырысуда.

 

 

Еңбекші ауданы бойынша

МКБ- ның есептеу, талдау және ақпараттық

технологиялар бөлімінің бас маманы

Мамаева Г. Т

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып та-былады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз - бұл мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті шарты деп айтқан екен кезінде Аристотель ғұлама. «Кез келген мемлекеттік құрылыстағы басты нәрсе - бұл заңдар өзге де күн тәртібінің жәрдемімен істі лауазым иелері баю жолына түсіп кетпейтіндей етіп ұйымдастыру. Жалпы жұртқа ортақ пайда келуін ойластыратын мемлекеттік құрылыстар ғана әділ, дұрыс болмақ», -деген екен ежелгі ойшыл ғалым.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын.

Әрбір қоғам дамуының күнегей жағымен қатар көлеңкелі тұсы да бар қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуатын жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту - әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.

 

Еңбекші ауданы бойынша

МКБ- ның есептеу, талдау және ақпараттық

технологиялар бөлімінің бас маманы

Мамаева Г. Т

ЖАДЫНАМА

Вторник, 29 Сентябрь 2020 09:25

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 166 бап 1 тармағына сәйкес, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi. Сауда операциялары, қолма-қол ақша арқылы жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде бақылау-кассалық машиналарды қолданбау, сондай-ақ ақаулы болып табылатын немесе пайдалану орны бойынша мемлекеттік кіріс органының есебінде тұрмаған бақылау-кассалық машиналарды қолдану, бақылау-кассалық машинасын қолдану тәртібін бұзу Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 284 бабына сәйкес әкімшілік жаупакершілікке тартылады.

Еңбекші ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

 

Жемқорлықпен күрес-ортақ міндет

Вторник, 29 Сентябрь 2020 09:24

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыда құқық бұзушыларға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі.

Бірінші кезекте пара беру себептерін, пара алу жағдайларын түп-тамырын жоюға қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет.

Елбасы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болды» деп көрсетті. Елбасымыз айтып өткендей, дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін басты мәселе сыбайлас жемқорлықпен күрес, алдын-ала болдырмау шараларын жүргізу.

Елбасының саясатын қолдай отырып, еліміздің экономикасын өркендету мақсатында біздер, яғни Қазақстан Республикасының әрбір азаматы заң бұзушылықтарды болдырмауға және сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге ат салысу керек.

Еңбекші ауданы бойынша

МКБ- ның есеп, талдау және ақпаратты

технологиялар бөлімінің басшысы

Джандарбекова Г. Ы

ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы

25.09.2020ж.

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

город Шымкент

№39

 

 

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Тулебаев Абдиманап Кошкарович, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №43), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 14 тамыздағы №47 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ№47) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №47), «Шектеу карантиндік шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №48), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 20 тамыздағы №49 қаулысына «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №49), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №50 қаулысына «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі –ҚР БМСДҚ №50), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 қыркүйегіндегі №53 қаулысына «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №53), «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығына сәйкес, COVID-19 аурушаңдығының тіркелуінің жалғасуына байланысты және халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 28 қыркүйек  сағат 00:00-ден бастап 2020 жылғы 12 қазан сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын.

2. Шымкент қаласының тұрғындарына және қонақтарына:

2.1. адамдардың көп жиналуына байланысты кез келген ісшараларды өткізуге тыйым салынсын (еске алу, туған күндер, мерей тойлар, шығарып салу, құдалық, той, беташар және басқа);

2.2. 65 жастан асқан адамдардың қалада және басқа да қоғамдық орындарда жүруін шектелсін;

2.3. қалада жүріп-тұру кезінде маскаларды кию бойынша міндетті талаптарды сақтау және адамдар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтық сақталсын;

2.4. үйлердің аулаларына және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға барып серуендеуге 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелеріне рұқсат етілсін;

2.5. жалпы пайдалану орындарында орналасқан балалардың ойын алаңшаларына баруға 3 адамнан аспайтын топтарға рұқсат етілсін;

2.6. қоғамдық орындарға, адамдар көп жиналатын объектілерге барғанда, соның ішінде қоғамдық көліктерге кірген кезде маскаларды кию және қоғамдық орындарға барғаннан кейін антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптар қатаң сақталсын.

3. Шымкент қаласының әкіміне, мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындарға, заңды тұлғаларға және кәсіпкерлік субъектілеріне, карантин кезеңінде келесі шараларды қамтамасыз етуді:

3.1. жұмыс уақытын барынша қысқарту мүмкіндігімен, кеңсе қызметкерлерінің 50%-ын қашықтықтан жұмыс істеуге көшіруді (штаттық кесте бойынша 30-дан астам қызметкер болғанда);

3.2. сауда орталықтарында, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде және адамдар көп жиналуға мүмкіндігі бар орындарда күнделікті дезинфекциялық іс-шаралар өткізуді;

3.3. ХҚКО жұмысын ұйымдастыру (оның ішінде арнайы ХҚКО) алдын ала Egov.kz, жеделхат-бот EgovKZBot 2.0 кезек брондау арқылы жүргізуді, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатуын;

3.4. «Қазпочта» АҚ-ның, Call орталықтарының жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатуын;

3.5. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (қабырғалары, терезелері/витраждары бар үй-жайлар, ғимараттар, құрылыстар) қызметін тоқтатып, сыйымдылығы 30% аспайтын және                       1 келушіге 4 шаршы метрді сақтаумен азық-түлік базарларымен азық-түлік емес базарлардың (мамандандырылған, киім-кешек, мал және автокөлік базарлары) қызметі сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін шектелуін;

3.6. орналасқан орнына қарамастан барлық азық-түлік гипермаркеттерінің, супермаркеттерінің, шағын маркеттері мен үй жанындағы дүкендерінің жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс уақыты шектелуін;

3.7. көше форматында ашық алаңда жұмыс жасайтын қоғамдық тамақтану нысандарының және 50 орынға дейін арналған үстелдер орналастырылған үй-жайдағы қоғамдық тамақтану нысандарының (кафе, мейрамханалар, лаундж-барлар, спорт-барлар, барлар, асханалар, кофейнялар, кулинариялар) жұмысы жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін шектелуін.

Мерекелік жиынды, мерей той ісшараларды (банкет, той, еске алу, туылған күн, мерей той, шығарып салу, құдалық, беташар және басқа) өткізуге тыйым салуын,

3.8. ауыл-шаруашылық, далалық жұмыстар, құрылыс жұмыстарының және үздіксіз өндірістік циклмен жұмыс жасайтын құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындарының, мал және құс шаруашылықтар жұмысы қалыпты режимде ұйымдастырылуын;

3.9. медициналық ұйымдардың, дәріханалардың, процедуралық бөлмелердің, коммуналдық, теле-радио коммуникациялық және байланыс қызметтерін көрсету, адвокаттар, нотариустердің сонымен қатар адвокаттық және нотариустық кеңселердің жұмыстарын қалыпты режимде ұйымдастырылуын;

3.10. АЖБ (автожанармай бекеті), АЖБ жанындағы дүкендердің, ТҚО, шиномонтаждың, автожуу орындарының жұмыстары қалыпты режимде ұйымдастырылуын;

3.11. белгілі бір топтардың (ауысымдық жұмысшылар, медицина қызметкерлері, спортшылар) орналастыруға келісім шарты бар объектілерді қоспағанда, туристік объектілер мен халыққа жатын орындарды ұсынатын қызметтердің саласындағы нысандардың қызметі (қонақ үйлер, демалыс үйлері, туристік базалар және басқалар) қонақтардың (клиенттердің) саны жобалық қуаттылығынан 50% дан аспаған жағдайда, сонымен қатар, қосымша қызметтерді (тамақтану, кір жуу, үтіктеу және басқалар) тек қонақ үй бөлмелерінде көрсету ұйымдастырылуын;

3.12. ойын-сауық, спорттық, жаттығу және бұқаралық ісшараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу ісшараларды, форумдарды, конференцияларды, семинарларды адамдардың көп жиналу орындарында, сонымен қатар үйлерде өткізуге тыйым салынуын;

3.13. спорттық жаттығуды Ұлттық құрамадағы, қаланың құрама командалық, клубтық командалық (30 адамнан аспайтын, қатынассыз термометрия, спорттық базада тұру), жеке және топтық жаттығуларды спорт түріне қарай бір келушіге 5 шаршы метрге дейін, ашық аспанда көрермендерсіз спорттық ойындарды өткізуге рұқсат етуін;

3.14. балалар коррекциялық-түзету кабинеттерінің/орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының қызметіне 15 адамнан аспайтын, алдын ала жазылу бойынша, ҚР БМСД-нің №43 қаулысының талаптары сақталған жағдайда қалыпты режимде рұқсат етілсін;

3.15. кезекші топтарын (топта 15 адамнан аспайтын) қоспағанда балалардың мектепке дейінгі ұйымдарының және сауықтыру лагерлерінің жұмысы тоқтатылуын;

3.16. жеткізу және шығару режимінде қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысын қоспағанда, 50-ден астам отыратын орны бар қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс істеуіне тыйым салынуын;

3.17. аквасаяжайларының, жағажайлардың жұмыс істеуіне тыйым салынуын;

3.18. спорттық объектілердің (фитнес-орталықтардың, тренажер залдардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының, жабық және жартылай жабық спорттық құрылымдардың) бір келушіге 5 шаршы метрге дейін, сыйымдылығы 50% аспайтын, алдын ала жазылу бойынша 09:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс, демалыс және мереке күндері жұмыстары ұйымдастырылуын;

3.19. СПА-орталықтары, әсемдік салондары, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін орталықтары мен салондары (алдын ала жазылу бойынша бір келушіге 4 шаршы метр) жұмыс уақытын шектеу арқылы 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс, демалыс және мереке күндері жұмысы ұйымдастырылуын;

3.20. қоғамдық моншалардың және сауналардың сыйымдылығы 50% аспайтын және бір келушіге 4 шаршы метр жұмыс уақытын шектеу арқылы 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс, демалыс және мереке күндері жұмысы ұйымдастырылуын;

3.21. саяжайлардың, скверлердің, жағалаулардың жұмысы қалыпты режимде жүргізілуін;

3.22. аттракциондардың жұмысы тоқтатылсын, ашық алаңда орналасқан аттракциондардың жұмысы қалыпты режимде рұқсат етілуін;

3.23. көңіл көтеру мекемелерінің (бильярд, караоке, боулинг-орталықтар, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, букмекерлік және т. б.) жұмысына тыйым салынуын;

3.24. мәдениет объектілерінің (жеке және топтық репетицияларға 30 адамнан аспайтын қатысушылар), театрлар (сыйымдылығы 50% адамнан аспайтын, бірақ 50 адамнан артық емес, «InfoKazakhstan.kz», порталда тіркелумен, бетперде кию режимі, әлеуметтік қашықтық және ҚР БМСДҚ №43 талаптары сақталған жағдайда) кітапханалардың, мұражайлардың жұмысын қалыпты режимде рұқсат етілуін;

3.25. ҚР БМСДҚ №43 бекіткен алгоритмдерге сәйкес және ұжымдық ісшараларды өткізбей, діни нысандардың (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) қызметі қалыпты режимде рұқсат етілуін;

3.26. қалыпты режиміндегі жеткізу және шығару нысандарының жұмысын қоспағанда, дүңгіршектердің, оның ішінде піскен тағамдарды, фастфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар сататын нүктелердің жұмысы 09:00-ден 23:00-ге дейін ұйымдастырылуын;

3.27. сыйымдылығы 30% аспайтын және бір келушіге 4 шаршы метрді сақтаумен сауда-ойын орталықтарының, сауда үйлерінің (дүңгіршіктер), сауда желілерінің жұмысы шектеліп 09:00-ден 21:00-ге дейін ұйымдастырылуын, сауда-ойын орталықтарының, сауда үйлерінің (дүңгіршіктер) жұмысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылуын;

3.28. кинотеатрлардың, сауда-ойын-сауық кешендері мен орталық үйлердің ішіндегі, балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батуттар мен фудкорттардың, жәрмеңкелердің жұмысына тыйым салынсын. Ашық алаңдағы кинотеатрлардың жұмысы бетперде кию режимі, әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда қалыпты режимде рұқсат етілуін;

3.29. Облысаралық және қалааралық автобус пен шағын автобустардың жүруіне тиым салынуын;

3.30. медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған интернат үлгісіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауын;

3.31. қаржы нарығындағы субъектілерге жұмыс уақытын шектеу Қазақстан Республикасының Ұлттық банк және Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және даму агенттігінің актілеріне сәйкес ұйымдастырылуын;

3.32. гүл сататын нысандардың қызметі қалыпты режимде рұқсат етілуін;

3.33. контингенті 5-тен 180 адамға дейінгі, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі мектептердің; мектеп алды, 1-4 сыныптардың білім алушылары үшін ата-аналарының өтініші бойынша сыныптардың жиынтығы 15 баладан аспаған жағдайда білім беру ұйымдарындағы кезекші сыныптардың жұмыс істеуі қалыпты режимде ұйыдастырылуын;

3.34. бір адамға су бетінің 5 шаршы метр есебімен жеке форматта, алдын ала жазылу бойынша бассейндердің қызметі 09:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс, демалыс және мереке күндері жұмысын ұйымдастырылуын;

3.35. ҚР БМСДҚ №50 бекіткен алгоритмдерге сай кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз өткізуге рұқсат етілуін (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде);

3.36. ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, арнайы мектеп-интернаттардың, жалпы типтегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметі қалыпты жағдайда ұйымдастырылуын;

3.37. осы қаулыда көрсетілмеген нысандарының жұмыс уақыты шектеліп, 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс, демалыс және мереке күндері жұмысы ұйымдастырылуын;

4. Шымкент қаласының әкімдігіне, Шымкент қаласының аудандарының әкімдеріне, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына, денсаулық сақтау субъектілеріне және меншік нысанына қарамастан жеке кәсіпкер субъектілеріне:

4.1. жұмыс, демалыс және мереке күндері қоғамдық көлік қозғалысының уақыты сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін шектелсін. Бетперделердің киілуі, толтырылуы отыратын орын санынан аспауы қадағалансын.

4.2. адамдардың аялдамаларда және қоғамдық көліктерде шоғырлануын болдырмаудың мақсатында көлік құралдарының (автобустардың, шағын автобустардың) желіге барынша шығуын, қозғалыстың біркелкі кестесі ұйымдастырылсын;

4.3. қоғамдық көлікті, автобус аялдамаларын, адамдар көп жиналатын жерлерді қоса алғанда, қала аумағын дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып заласыздандырылсын, карантин аяқталғанға дейін заласыздандыру жұмыстары күн сайын жүргізілсін;

4.4. Шымкент қаласының аумағында, мөлтек аудандардың, тұрғын үй алаптарының, көп қабатты тұрғын үйлердің,  ұйымдардың аумағында және қоқысқа арналған алаңшалары жоспарлы түрде үнемі тазартылсын. Күнделікті тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар шығарылсын және қоқысқа арналған контейнерлерді тазартып, дезинфекциялау мен жуу жүргізілсін;

4.5. инфекциялық және провизорлық стационарлардың аумағын күнделікті дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып залалсыздандыру ісшараларын жүргізу қамтамасыз етілсін.

5. Меншік нысанына қарамастан Шымкент қаласының ұйымдары мен кәсіпорындарының басшыларына және жеке кәсіпкерлерге карантин аяқталғанға дейін:

5.1. бетпердені, қолғаптарды кию (халыққа қызмет көрсету кезінде) және антисептиктерді пайдалану талаптарын қатаң сақталсын. Халыққа қызмет көрсететін нысандарда қызметкерлер қосымша бір реттік қолғаптармен, оларды уақтылы ауыстыруы және температура өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілсін;

5.2. қызметін жүзеге асыратын барлық нысандарда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим қамтамасыз етілсін (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, дезкілемшелерді төсеу, ғимараттың ішін залалсыздандыру құралдарын қолдана отырып күніне кемінде екі рет ылғалды жинау, желдету);

5.3. персонал мен келушілердің санитариялық-карантиндік және шектеу шараларын сақтауын қатаң қадағалаумен қамтамасыз етілсін;

5.4. атқаратын қызметті ҚР БМСДҚ бекіткен алгоритмдерге сәйкес жүргізілсін;

5.5. барлық нысандарда, оның ішінде қоғамдық көлікте, таксиде санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы және дезинфекциялық ісшараларды жүргізу қамтамасыз етілсін.

6. Шымкент қаласының аудан әкімдері, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық басқармаларының басшылары және Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығына:

6.1. өз жұмысын қайта бастаған нысандарда санитариялық-дезинфекциялық ісшараларды және басқа да санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізілуі қамтамасыз етілсін;

6.2. карантин кезеңінде белгіленген шектеу ісшараларын және басқа да талаптарды бұзу, орындамау анықталған кезде, тиісті әкімшілік шаралар, оның ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерге сәйкес нысандардың қызметін тоқтата тұру жөнінде шаралар қолдансын.

7. Шымкент қаласының әкімдігі, Шымкент қаласы аудандарының әкімдері, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Шымкент қаласы полиция департаментіне, Шымкент қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасына, кәсіпкерлік субъектілерімен және жеке тұлғаларымен қамтамасыз етілсін:

7.1. «InfoKazakhstan.kz» сайтынан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік Актісінің негізінде нысандардың қызметі қайта басталсын;

7.2. қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін нысанның кіреберісінде санитариялық нормаларға сәйкестік Актісі көрнекті жерге орнатылсын;

7.3. шектеу ісшараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін «InfoKazakhstan.kz» сайтында жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар етілсін;

7.4. бұзушылықтарды жою үшін кәсіпкерлердің уақтылы шаралар қабылдауы мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін «InfoKazakhstan. кz» сайты пайдалансын;

7.5. шектеу ісшараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін «InfoKazakhstan.kz» сайтына орналастырылсын;

7.6. кәсіпкерлік субъектілер «InfoKazakhstan.kz» сайтындағы нысанның паспортына келушілердің үй-жайлардың жоспарланған толтырылуы туралы мәліметтерді енгізсін (шектеу ісшараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі нысандардың қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, осы қаулыға және ҚР БМСДҚ №43, ҚР БМСДҚ №47, ҚР БМСДҚ №50 қосымшаларда айқындалатын 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі);

7.7. нысандар белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде бизнес нысандардың қызметін қайта бастауға арналған Акті «InfoKazakhstan.kz» электрондық портал арқылы электронды түрде берілсін;

7.8. жұмысын тоқтатқан нысандармен коронавирустық инфекциясын алдын алу мақсатында олардың жұмысын қайта бастау, санитариялық-дезинфекциялық ісшараларды және басқа да санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақтауы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

8. Күші жойылды деп танылсын:

8.1. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 07.09.2020 жылғы №36 қаулысы;

8.2. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13.09.2020 жылғы №37 қаулысы.

8.3. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 18.09.2020 жылғы №38 қаулысы.

9. Қаулының талаптарын, нысанның меншік иесіне қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.

10. Осы Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарда жариялансын, барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың назарына жеткізілсін және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.

11. Осы қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.

12. Осы қаулы 2020 жылғы 28 қыркүйек сағат 00:00-ден бастап  күшіне енеді.

 

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері

А.Тулебаев

Страница 11 из 422