Артериялық гипертензия – себебі белгісіз тамырлардағы қан қысымының тұрақты көтерілуін көрсететін белгі. Балалар мен жасөсіпірімдерде артериялық қан қысымының көтерілуі көбінесе тұрақсыз және қайтымды сипатта болады. Аталған дертке шалдығудың себебі – тұқымқуалаушылық, отбасы мен мектептегі күйзелісті жағдай.

Бала кезден тамақтану мәдениетіне үйрету өте маңызды. Дұрыс тамақтану гиперхолестеринемия, семіздік, артериялық қан қысымына шалдығуды жояды және аурудың алдын ала алады. Тәуліктік ас үлесіне бай майлы қышқылдармен қанықтырылмаған және әсіресе майлы қышқылдармен жартылай қанықтырылмаған өсімдік майлары кіруі қажет. Тәуліктің тәртіпте тағамды 4-5 рет бөліп жеген дұрыс.

Ең маңыздысы – ас тұзын тұтынуды оңтайландыру қажет. Отбасында тамақтану әдеті кейбір «тұзы аз» тағамдарға бағытталуы тиіс. ДДҰ-ның сарапшыларының ұсыныстарына сәйкес, ас тұзын тұтынудың шегі тәулігіне шамамен 5 г болуы қажет.

Дене белсенділігін (түрлі себептермен) төмендету сондай дәрежеде тәтті өнімдерді, шоколад пен шоколад кәмпиттерді, бал, тосапты тұтынуды, құрамында шамадан тыс белсенді заттары көп кейбір азық-түліктерді (сорпа, дірілдек, зельц), сергітетін сусындарды, табиғи кофе, какао, тәтті шай, конверванттары мен тұздары көп (конвервілер, қақталған шұжықтар мен ірімшіктер, балықтан жасалған тағамдар, уылдырық пен маринадталған көкөністерді) тұтынуды да сәйкесінше шектеуді қажет етеді.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарын ескере отырып, дене белсенділігін көтеру арқылы халықтың денсаулығын күшейту қажет. Осы жастық топтағы балалар мен жасөспірімдерге ойындар, жарыстар, спортпен айналысуға, сауықтыру шаралары, отбасы, мектеп және аудан аясында дене шынықтыру немесе жоспарлы жаттығу жасау ұсынылады.

Жүрек-қантамырлар жүйесін, қаңқа-бұлшықет тіндерін нығайту және жұқпайтын аурулардың қаупін төмендету үшін 5-17 жастағы балалар мен жас адамдарға ұзақтығы кемінде 60 минут қалыптыдан жоғары қарқындылыққа дейін күнделікті дене белсенділігімен айналысу ұсынылады.

Күләнда Азатқызы,
Шымкент қалалық салауатты
өмір салтын қалыптастыру
орталығының үйлестірушісі

ХХ ғасырдың басында И.И.Мечников алғаш рет әртүрлі соматикалық аурулар, сонымен қатар қатерлі ісіктер мен белгілі бір микроорганизмдер арасында байланыс бар екендігін тұжырымдады. Бүгінгі күнде вирусты гепатит В (73 %) және С (27 %) бауыр ісігінің дамуына, Helicobacter pylori (55 %) асқазан ісігіне, ал адам папиллома вирусы – жыныс мүшелеренің ісігінің дамуына ықпал етеді.

Қауіп  факторлары:

-         Шылым тарту;

-         Сексуалды факторлар (ерте басталған жыныстық өмір, жиі партнер алмастыру);

-         Ішкі факторлар (авитаминоз, әлсіз иммунитет, стресстер)

-         Қынап микрофлорасының бұзылысы, жүктілік;

-         Репродуктивті факторлар (менархе, менопауза);

-         Оралды контрацептивтерді ұзақ уақыт қабылдау;

Жұғу жолдары:

-         Адам папиллома вирусы антропонозды қоздырғыштар тобына жатады (адамнан адамға).

-         Вирус өзінің өмірге қабілеттілігін суда сақтай алады (бассейн, монша);

-         Жыныстық жолмен беріледі. Ең қауіпті жас 17-25 жас аралығын құрайды, осыдан соң 35 жасқа дейін төмендеп, 35-54 жас аралығында жұқтыру жиілігі жоғарылайды.

Алдын алу:

-         Салауатты өмір салтын ұстану;

-         Вакцина салдыру;

-         Скринингтік тексерулерден уақытында өту.

Бақдаулет Төлеген,
Шымкент қалалық салауатты
өмір салтын қалыптастыру 
орталығының үйлестірушісі

1.Жалпы ережелер

Осы ереже «МЕН ТҰРАТЫН ҚАЛА» атты фотосурет байқауының ұйымдастыру тәртібін қадағалайды.

Байқауды ұйымдастырушылар: Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы және «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС.

 

 

2.Байқаудың мақсаты мен міндеттері

Байқаудың мақсаты: Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен басталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеяларын жүзеге асыру бойыншаЕліміздің үшінші мегаполисі - Шымкент қаласының жетістіктерін дәріптеу, оның мерейін асқақтату.

Байқау міндеті:

Өзінің туған еліне, өскен жеріне деген сүйіспеншілігін объектив арқылы жеткізе білген талантты фотосуретшілерді қолдау және шығармашылық тұрғысынан ынталандыру.

 

3. Байқаудың шарты 

1. Байқауға кәсіби және әуесқой фотографтар қатыса алады, жа­сына шектеу қойылмайды.

2. Байқау 2 /екі/ айналымнан тұрады. Бірінші айналымда байқауға қатысуға өтініш берген барлық үміткерлер қатысады. Екінші айналымда ұсынылған фотосуреттерге талдау жа­салып, ең үздік жұмыстар іріктеледі.

3. Байқауға қатысушы А-3 форматтағы 5-тен кем емес түрлі-түсті суреттерін жолдауы қажет.

4. Фотосуреттер өзіндік сюжеті мен композициясымен ерекшеленуі қажет, оқиғалар, фактілер Шымкент қаласының тарихымен байланысты  болып, рухани және мәдени құндылықтарды, патриотизм, бірлік пен келісімді насихаттауы керек.

5. Міндетті түрде фотосуретке оның тақырыптық атауы, сюжеті мен тарихын ашатын қысқаша аннотация  жазылу керек.

6. Ғаламтордан немесе кез келген басқа жолмен алынған (авторлық құқығы сақталмаған) фотосуреттер байқауға  жіберілмейді.

7. Фотоколлаж, арнайы эффектілермен өңделген ­фотосурет­тер қабылданбайды.

8. Материалдар байқауға қатысушы туралы (аты-жө­ні, байланыс телефоны, жұмыс немесе шығармашылық орны) мәліметпен ұсынылуы тиіс.

9. Байқау тақырыбына сəйкес емес жəне талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар байқауға жіберілмейді.

10. Материалдар байқау хабарландыруында көрсетілген мерзімнен кешіктірілмеуі керек.

Авторлық құқық мәселесіне бай­қауға қатысушы тарап жауапты.

 

4. Ұйымдастыру комитеті және байқаудың қазылар алқасы

Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалауды ұйымдастыру комитеті тағайындаған қазы­лар алқасы жү­­­зе­ге асырады.

Қазылар алқасы ұсынылған фотосуреттерге талдау жа­сап, бағалап, ең үздік фотосуреттерді анықтайды және байқау жеңімпаздарын марапаттау үшін ұйымдастыру комитетіне жібереді.

 

Байқау келесі тақырыптарды қамтиды:

  • Мәңгілік Ел – бұл біздің ғұмырымыз;
  • Тәуелсіздік нышандары жанындағы селфи;
  • «Біздің тарих»: қала тарихымен байланысты сюжеттер;
  • «Менің қымбатты жерлестерім»: қала тұрғындарының суреттері;
  • Қаланың архитектуралық нысандары мен ескерткіштері;
  • Қас-қағым сәт;
  • «Оқиға»: қоғамдық және мәдени өмір туралы.

 

Байқау комиссиясы қатысушылардың материалдарын іріктеу барысында келесі шарттарды басшылыққа алады:

  • шығармашылық шеберлігі;
  • белгіленген тақырыпқа сəйкестік;
  • мазмұндау стилі мен техникалық сапасы;
  • авторлық тұжырымдаманың дербестігі;
  • материалдың көрушіге тартымдылық әсер туғызуы.

 

5. Марапаттау

Жүлде қорын қаржыландыруды байқаудың ұйымдастыру комитеті қамтамасыз етеді.

Жеңімпаздар бірыңғай үлгідегі дипломдармен, қаржылай жүлделермен марапатталады.

Байқаудың жүлде қоры:

1-орын: 250 000 мың теңге (1 жеңімпаз);

2-орын: 150 000 мың теңге (1 жеңімпаз);

3-орын: 100 000 мың теңге (1 жеңімпаз);

Сонымен қатар, қазылар алқасының шешімімен әрқайсысы 50 000 теңге болатын байқауда айрықша көзге түскен 3 қатысушыға қосымша ынталандыру сыйақысы беріледі.

 

6. Байқаудың мерзімі 

І-кезең. Фотосуреттерді қабылдау, оларды іріктеу және бағалау – 2019 жылғы 18-20 желтоқсан аралығында.

 

Байқауға қатысушылар материалдарын 2019 жылғы 20-ші желтоқсанға дейін мына мекен-жайға жіберіледі: Шымкент қаласы, «Қарасу» шағын ауданы, 66/6 үй. Байланыс телефон:8 778 9347891; 8 7252 77-52-02.

Байқаудың шарттары мен өткізілу ережелері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған «Ұлы дала мұрагерлері» атты концерті өтті. Биылғы шара сахналық қойылым түрінде көрерменге жол тартты.

 

0012

 

Кеш шымылдығы оркестрдің орындауында Секен Тұрысбектің «Көңіл толқыны» күйімен ашылды. Ұлы дала елінің ұлық мерекесіне арналған кеште сақ дәуірінен тәуелсіздікке дейінгі елеулі оқиғалар қамтылды.

Алдымен сақтар туралы бейнебаян көрсетіліп, Алтын адам биі жиналған қауым назарына ұсынылды. Кейін 12 000 шақырым қашықтықты жалғап, шығыс пен батысты байланыстырып тұрған Ұлы жібек жолы туралы да мол мағлұмат берілді. Сауда маршруты еліміз үшін мәдени және экономикалық көпір болғаны керуен көрінісі арқылы көрерменге жол тартты. Сондай-ақ, ұлтарақтай жерімізді найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған батырлардың ерен ерлігі сұлтандар кеңесінде көрініс тапты.

Ашаршылық жылдарындағы қиын-қыстау кезеңдер де назардан тыс қалмады. Жеңіске жеткен жауынгерлердің қуанышты сәті де сахналанды. Қазақ жастарының күресіне айналған желтоқсан көтерілісі көрерменнің көңілін босатып, жанарына жас толтырды. Осылайша, екі сағатқа созылған кеште байтақ жерді бүгінгі ұрпаққа аманат еткен ата-бабалардың ерлігін жиналған жұрт қайта еске түсірді.

0027

Елбасының ант қабылдау салтанаты,Ата заңымыз, ұлттық валютамыз, Нұр-Сұлтан қаласының бой көтеру сәттері көрерменнің көңіл түкпіріндегі сезімнің қайта жандануына сеп болды.

 

Кеш соңында 28 жыл бойы тәуелсіздіктің бесігінде тербелген жалынды жастар «Мекенім – Қазақстан» әнін жаппай орындап, өнер сүйер қауымға рух сыйлады.

 

ҰЛЫ ДАЛА МҰРАГЕРЛЕРІНІҢ асыл парызы - бабалардың аманаттын сақтау екенін әрбір жас ұғынып, тарқасты.

Фазлиддин – әлем чемпионы

Пятница, 13 Декабрь 2019 03:52

Туркия мемлекеті Анталия қаласында өткен Wako Kickboxing спорт түрінен әлем чемпионатында шымкенттік спортшы топ жарды.

ce2fe54f-6bdc-474f-b091-e56358bc06a2

Әлемнің 60 мемлекетінен 696 спортшы бақ сынаған байрақты +91 салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен саңлақ спортшы, Silkway Халықаралық университеті «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2-курс студенті Сафаров Мунаварұлы әлем чемпионы атанды.

Жастарымыздың жан-жақты дамуына жағдай жасау – менің Президент ретіндегі басты міндеттерімнің бірі. Бұл туралы Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

888888

Мемлекет басшысы жастар арасында ажырасудың көптігіне алаңдаушылық танытты. «Бүгін ұлан- байтақ еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастар елорда төрінде, Нұр-Сұлтан қаласында, халқымыздың құтты мекенінде бас қосып отыр. Сіздермен Тәуелсіздік күні қарсаңында жүздесіп отырмыз. Біз үшін бұдан асқан қастерлі әрі маңызды мереке жоқ. Баршаңызды құттықтаймын.

Тәуелсіздігімізді нығайтып, елімізді одан ары өркендету қазіргі ұрпақтың қасиетті борышы. Сондықтан біз сіздерге зор үміт артамыз. Мемлекетіміздің келешегі – өздеріңіз. Жастардың бір топ өкілі түрлі өзекті тақырыптарда жақсы сөз сөйледі. Ұтымды пікірлер айтты. Мен барша жастарды мақтан тұтамын», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті биылғы жылдың мән-маңызы ерекше болғанын, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен барша ел болып, жастар жылын өткізгенімізді айтты. «Бәріміз білімді әрі бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу ісіне айрықша мән беріп отырмыз. Жалпы, еліміздегі бастамалардың барлығы жас буынның жарқын болашағы үшін қолға алынды.

Жастарымыздың жан-жақты дамуына жағдай жасау – менің Президент ретіндегі басты міндеттерімнің бірі. Сондықтан осы мәселе әрдайым менің назарымда болады. Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы, мемлекетіміздің мәртебесі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қала әкімі Ерлан Айтахановтың назарына Шымкент қаласының велосипед желісін құру және дамыту бойынша 5 жылдық стратегия ұсынылды.

веложол

Стратегияны «Shymkent» ӘКК» АҚ мен «Velocity» қоғамдық қоры Copenhagenize Dezign Company қатысуымен бірге әзірлеген.
Қала басшысына жобаны Copenhagenize Design Co компаниясының бас директоры Мортен Кэйблл таныстырды.

Жобаның негізгі мақсаты – қолайлы қала ортасын құру, жолдар мәселелерін жеңілдету, қала тұрғындарын саламатты өмір салтына тарту және туризмді дамыту.
Велостратегия 5 кезеңнен тұрса, бүгінде қалада оның 4 кезеңі аяқталған. Бұған дейін жасалған инфрақұрылымға бес жылдық жоспар бойынша 250 шақырым веложол салу жоспарланып отыр.

Ал оның 50 шақырымын 2020 жылы аяқтау көзделуде.

Инвесторлардың айтуынша, аталған жоба жүзеге асса, бүгінгі таңда жұмыс істеп жатқан 40 велостанциядан бөлек тағы 50 станция құру көзделіп отыр.

Велосипед желісін дамыту бойынша ұсынылған жобаға әкім өзінің бірқатар ұсыныстарын айтып, төрт жолақты көшелерді қысқартып, оны веложол жасауға қарсы екенін жеткізді. Себебі, халқы тығыз орналасқан мегаполисте көлік кептелісі жиі орын алатынын және тұрғындарға қолайсыздық тудыратынын атап өтті. Сондықтан шаһар басшысы бес жылдық жоспарда веложолды ең алдымен жасыл белдеу аумағынан бастап салуды ұсынды.

Жыл соңына дейін бюджет қаржысын толық игермеген басқарма басшылары жауапкершілікке тартылады. Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов әкімдікте өткен аппараттық мәжілісте салалық басқарма жетекшілеріне осындай ескерту жасады.

78857100 2390386117941007 8862113468480749568 o

Мәжілісте 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.

Қала әкімі басқарма басшыларына жұмысты ширатуды, биылғы кіріс жоспарының толық орындалуын қамтамасыз етуін тапсырды. Сондай-ақ, 2019 жылғы бюджетте қаралған қаржыны 20 желтоқсанға дейін толық игеріп, түпкілікті нәтижеге қол жеткізуді, жыл қорытындысымен бұл жұмыстар толық орындалмаған жағдайда бірінші басшыларға қатаң тәртіптік шара көрілетінін ескертті.

Жиында, бұдан бөлек, 26 қарашада Мемлекет басшысы қол қойған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңа толықтырулар түсіндірілді.
Қала басшысы кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлық – ең өзекті мәселе екенін, бұл «індетпен» жұмыла күресу керегін баса айтты.

– Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Бұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - баршамызға ортақ іс! Әрине, ең алдымен бүгінгі жас, ертеңгі мемлекеттік қызметкердің отбасында тәлім-тәрбиесі дұрыс болуы ләзім», - деді Ерлан Айтаханов.

Мәжіліс соңында Ерлан Қуанышұлы күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша айтылған кемшіліктер мен сын-ескертпелерден тиісті қорытынды шығарып, нәтижелі жұмыс атқаруды міндеттеді.

Страница 7 из 356