zahErgGy

Жуырда Шымкент қаласындағы колледждерде сабақ беретін 36 оқытушы «Кәсіпкерлік негіздері» пәні бойынша практикалық оқу іс-тәжірибесінен өтіп, арнайы сертификаттар алды.

80 адамемиялық сағатқа созылған курс барысында бизнес-үйретушілер заманауи оқу әдістемесі арқылы қашықтан білім берді. Тренингтің әр тақырыбында түрлі іскерлік ойындар өткізілді.
—Курс кезінде бизнес-кейстер пайдаландық, бағдарламаға сәйкес ойындар ойнатып, топтық жұмыстар жүргіздік, соңында қатысушылар бизнес-жобаларын қорғады. Жеке сабақтарда оқытушылар дайындау бойынша кеңестер берілді,- деді бизнес-үйретуші Мәдибек Тәшімов. Оқыту қорытындысында шағын сабақтар презентациясы бағаланып, тест арқылы қатысушылардың білімі сараланды.
—Тест нәтижесінде білім сапасының артқаны байқалды, өйткені курстың алғашқы күндері аталмыш пән бойынша оқытушылар әлі ешнәрсе білмейтін. Мәселен алғашқы тесттік бақылаудың орта балы 36,7-ні көрсетсе, қорытынды бақылау 75 баллды құрады. Бұдан шығар нәтиже, білім сапасының динамикасы 86 пайызға өсті деген сөз. Ал топтағы қатысушылардың тақырыптары бойынша презентацияларының бағасы орташа 30 бал (78,5 пайыз) болды. Тыңдаушылардың көбісі бастапқыда көпшіліктің алдына шығып, сөз сөйлей алмайтын. Өндірістік пән оқытушылары болғандықтан көкейдегі ойларын еркін жеткізе алмай қиналатын. Пікірталаста өз идеяларын қорғаудан жасқанатын. Қатысушылармен жеке әңгімелесу арқылы оларға өмірлік тәжірибеден мысалдар келтіре отырып аталмыш кемшіліктерді жойдық. Жалпы оқу курсында өз ісінің шебері атанған, бір-біріне қолұшын созуға дайын білікті топ қалыптасты. Әсіресе қатысушылар тарапынан өзінің жеке бизнесін бастауға және алған білімдерін шәкірттеріне үйретуге асыққандар көп болды,- дейді бизнес-тренер Қаныбек Батырбеков.
Айта кету керек, мұндай онлайн курстар «Кәсіпкерлік және бизнестің негіздері» пәні бойынша жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің арасында да 13 шілдеден бастап өткізіле бастады. Тамыз айының соңына дейін 50 педагогті 3 кезең бойынша оқыту көзделіп отыр. Топтық практикалық курстың ұзақтығы 108 академиялық сағатты құрайды.
Мектеп мұғалімдері өз саласында тәжірибелі болғанымен көпшілігі кәсіпкерлік және бизнес нарығын жақсы біле бермейді. Сондықтан тренерлер жалпы курстан бөлек бизнес пен оны оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін де қосымша үйретеді. Ол үшін мамандар арнайы методикалық нұсқаулық әзірлеген. Онда аталмыш пәнді қалай оқытудың қыр-сыры жан-жақты баяндалады.
Курс аяғында қатысушыларға сертификаттар тапсырылады. Ең бастысы мұғалімдер 10-11 сынып оқушыларына арналған «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінің оқу бағдарламасын тәжірибе жүзінде іске асыруға үйренеді. Сондықтан алдағы уақытта мектеп оқытушылары бизнестің әліппесін оқытуда түрлі интерактивті ойын әдістерін, бизнес-кейстер, жобалық білім беру тәсілдерін қолданатын болады.

Ә.НҰРЖІГІТҰЛЫ

САУСАҚ БІРІКПЕЙ, ИНЕ ІЛІКПЕЙДІ

Пятница, 24 Июль 2020 03:21

photo 326660

Пандемия алғаш басталған кезде қала аралауға шыққан Талдықорған қаласының әкімі маскасыз жүрген жігітті тоқтатып, қатты ұрысты.

Мұндайда сенсация іздеп жүретіндердің құдайы береді ғой. Әлгіні телефонға тартып, әлеуметтік желіге салып жіберді. Пікір айтқан жұрт екіге жарылды. Бірақ, көпшілігі жігітке дауыс көтерген әкімді сынады. Бейтаныс адамға неге айқайлайды деп.
Расында, әкімдікі дұрыс еді. Пандемия жұрттың жанын алып жатыр. Ал, ана жігіт маскасыз жайбырақат жүр. Індет жұқтырары анық. Отбасысы бар. Туған-туысы көп. Араласпай тұрмайды. Осылайша індетті бетімен жіберіп алдық.
Жақында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаруа ыңғайымен бір нысанға бара жатып маскасыз кетіп бара жатқан қызды байқап, көмекшісіне ым қақты. Маскасыз жүрген қызға маска берді. Артта келе жатқан жігіт «әкім берді деп айтарcың» деді.
Мұны да біреу әлеуметтік желіге салып жіберген. Тағы да жұрт екіге бөлінді.
Көршісінің үйі өртеніп жатса, қойдың басын үйітіп ала қояйын дейтін жеңілтек әйелдер болады. Сол сияқты біреулер әкім әрекетін арзан пиарға балап, әр қиырға салыпты.
Ал, ойланып көрейік.
Әкімдікі қай жағынан да дұрыс. Арнайы маска тарату үшін қолына бума-бума ұстап жүрген жоқ. Өрімдей қыздың көшеде маскасыз жүргенін көріп, басқаларға сабақ болсын деп маска алғызып берді. Осы әрекетімен талай адамды тәж тажалдан сақтап қалды. Қасындағы жігіттің «әкім берді деп айтарсың» деген сөзінен жағымпаздық я болмаса басқа астар іздеудің жөні жоқ. Екінің бірі осындай жағдайда айтатын әзіл сөз. Айтылды, кетті.
Біздің алаңдағанымыз, осындай посттарды аңдып, әкімді мұқатуға дайын мүдделі топ бар сияқты. Өйткені, тұрақты жамандайтын біреулерге комментарий жазғандардың арасында «рувирусымен» ауырған деген айып сөздер айтылып қалды. Трайбализмнің иісі аңқып тұр дегендері де бар.
Ал, Талдықорғанның әкімін жаппай сынағандар мұндай жаманатқа барған жоқ. Іштегі шерін шығарды. Сонымен бітті.
Бізде кейінгі кездері екі топ пайда болған сияқты. Аты-жөндері де белгілі болып қалды.
Құдайшылығына келсек, осы Әйтенов бір мықты менеджер әкім не істейді, соны жасап жүр.
Пандемия басталғанда азық-түлік қорын бақылауға алып, ірі сауда орталықтарымен меморандумға отырды. Аурухана жетіспегенде 360 орындық провизорлық орталық ашты. Жоқ дәрі-дәрмекті алдыртты. Жүгенсіз кеткен дәріханаларға бақылау жасалды.
«Қазмедприбор» мекемесі басшысымен Қазақстанда қолға алынбаған жасанды тыныс алу аппаратын іске қосу жөнінде келісімге келді.
Жұмыс жүрмей жатқан жоқ, өз толқынымен жүріп жатыр.
Бірақ, елге жасалып жатқан жақсылықтарды көрмей, бір жақты сынайтын адамдардың, бір топтың болғандығы шынымен алаңдатады.
Сын болсын, бірақ, шын болсын. Тырнақ астынан кір іздегеннен тек ұтыламыз. Одан да ұсыныс пікірлерімізді айтып, орындалуына жәрдемдесейік. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» деген дана халқымыз. Төле би бабамыз айтқандай «Бірліктің түбі-тірлік» болғанына не жетсін.

 

Сәбит ЕСЕНАМАНОВ,
Шымкент.

113393795 2584120625234221 2208070925236899855 o

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-і «Шымкент – қайырымды қала» әлеуметтік қорымен бірлесіп, Covid-19 инфекциясымен күрестің алдыңғы сапында жүрген медициналық ұйымдарға гуманитарлық көмек көрсетті.

Аталмыш компания өкілдері № 2 қалалық ауруханаға қарасты провизорлық стационарға 10 мың медициналық бетперде мен 1000 қорғаныш костюмін тарту етті.
Жұқпалы індетпен күресте ерен еңбек етіп жүрген дәрігерлерге алғысын білдірген серіктестік өкілі Ринат Ақбердиев компания тарапынан алдағы уақытта тағы да қолдау болатынын жеткізді.
Айта кетейік, бүгінде қаладағы провизорлық орталықтарда 3610 төсек-орын болса, оның 260-сы осы №2 қалалық аурханаға қарасты. Бүгінгі таңда мұнда 200 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл орталық қажетті дәрі-дәрмектер мен тыныс алу қондырғыларымен толық қамтылған. Қала әкімдігі тарапынан провизорлық стационарға қосымша 6 ИВЛ аппараты жеткізілген болатын.

8

Еңбекші ауданында 64 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандырылып, ойын алаңдары орнатылуда. Сонымен қатар, 43 көппәтерлі тұрғын үйдің аулалары мен балалар ойын алаңшаларына қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жұмыстарға биылғы жылы әр ауданның бюджетіне бөлінген 1 млрд теңгеден 800 миллионнан астам қаржы қаралған. Оның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша көпқабатты тұрғын үй ауласын абаттандыруға республикалық бюджеттен 75,8 млн теңге бөлінген. Нысандар осы жылдың тамыз, қыркүйек айларында пайдалануға беріледі.
Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданының аулаларын абаттандырудың барысын тексерді. Жұмыстың сапасына баса назар аударған қала басшысы орындықтар мен кіші архитектуралық формалар сынды орнатылатын элементтерге сапалы материалдар пайдалану қажеттігін айтты.
Аудан әкімі Ғалымжан Ильясов ауланы абаттандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайын баяндап, биылғы жылы бұдан бөлек, 6 ашық спорт алаңшасы мен аула аралық тозығы жеткен 8 мекенжайдағы баспалдақтарды қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, аудан әкімі 2021 жылы аудан аумағындағы 100-ден аса үй ауласын жөндеу және балалар ойын алаңдарын қайта құру жоспарланғанын жеткізді.

116018712 2583915308588086 5948537691594738920 n

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов коммуналдық қызметтердің жұмысын қатаң сынға алып, тиісті басшылардан бұл салада тәртіп орнатуды талап етті.

Шымкент аумағына қоқыс контейнерлерін орнату бойынша өткен жиында қала басшысы тұрғындар тарапынан қоқысты жинау жұмыстарына шағымның көп екенін айтты.
– Қаланы аралау барысында коммуналдық қызметтер жұмысының өте нашар жүргізілетінін көріп жүрмін. Көптеген қоқыс алаңшаларына санитарлық тазалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілмейді. Ал аялдамалар мен көше бойындағы қоқыс жәшіктері үнемі толып тұрады. Бұл аудан әкімдігі тарапынан бақылаудың жоқ екенін аңғартады, - деді қала әкімі.
Мұрат Әйтенов аудан әкімдері мен энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Н.Жаманкөзге қоқыс жәшіктерін орнату жұмыстары кешеуілдеп жатқандығы туралы ескерту беріп, бос сөзден нақты іске көшуді тапсырды. Сонымен қатар ол жеке сектор аумағында арнайы қоқыс алаңшасын орнату туралы тапсырмасының тиісті деңгейде орындалмағанын да атап өтті. Жиынды соңында қала басшысы алдағы уақытта айтылған сыннан қандай қорытынды шығарылатынын тікелей өзі бақылайтынын ескертті.
Айта кетейік, жалпы Шымкент қаласында 488 қоқыс алаңшасында 2039 қоқыс контейнері бар. Оның 633 данасы жарамсыз болса, көпқабатты тұрғын үйлердің аумағына 762 контейнерді қосымша орнату керек. Ағымдағы жылы сатылып алынатын 1474 экоконтейнерді жарамсыздарын алмастыру және жетіспейтін жерлерге қосымша орнату қажеттігі жоспарланды.

Құрылыс материалы

Шымкент қаласында құрылыс материалдарын шығаратын 215 ірі, орта және шағын кәсіпорын бар.

Осы жылдың 6 айында олармен 34,2 млрд теңгенің құрылыс материалдары өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 4,5 пайызға артқан.
Қаланың жалпы өнеркәсібінде өндірілген өнім көлеміндегі құрылыс материалдары өндірісінің үлесі 13,2%-ды құрады. Ал құрылыс материалдарының отандық өндірісін дамыту мақсатында қалада 2020-2021 жылдар аралығында 9 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жобалардың құны 2,9 млрд теңгені құрап отыр.
Атап айтқанда, келер жылы үш темірбетон өндірісі мен шыныпластиктер, газоблок, асфальтбетон, жолаяқ тақталарының өндірісі және полипропилен, поливинилхлорид, термоэластопласт бұйымдарының өндірісі, әрлеу материалдары мен құрғақ құрылыс қоспалары сынды жобалар іске қосылады.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкент қаласында жүргізіліп жатқан құрылыстағы отандық өнім үлесі 98 пайызды құрап отыр.

Жоғары жауапкершілік жеңеді

Пятница, 24 Июль 2020 03:11

05-007

Әлем әбігерлі. Дүние дүрлігулі. Мылтықсыз майдан, індетіп келген індетпен соғыс жүріп жатыр. Коронавирусқа шалдыққандар 15,371 миллионнан, бақилық болғандар 630 мыңнан асып барады.

Кейбір мемлекеттерде ондаған мың адам шейіт кетті. Өркениеттің өрінде, табыскерліктің төрінде саналатын Америка Құрама Штаттарының өзі шатқаяқтай шайқалып кеткенін көріп-біліп отырсыздар. Ұлыбритания, Франция, Италия мен Испания қатты қиналыста. Латын Америкасының ахуалы анау. Үндістан үрейде. Қытай қапылыста.
Өкінішке қарай, қайран Қазақстанда да қараулы індеттің қармағына қармалғандар соңғы мәліметтер бойынша 76 799 мың, қайтыс болғандар 610 болып тұр. 1916, 1932, 1937-38 жылдарғы қолдан жасалған қырғындарда 4,5 миллионнан айырылып, қасқа жолдан қайырылып қалмағанда 40 миллионға жетер едік-ау деп күрсінесіз. Бір қазақ туса бар қазақ қуанатындай, бір қазақ қаза тапса бар қазақ қайғыратындай күйдеміз ғой, айналайындар. Мына пандемия жалмаған жандардың жақындарына қаламгерлердің атынан қайғырып көңіл айтамыз. Шейіт кеткендердің о дүниелерін берсін Жаратқан.
Мамыр айының ортасына таман еліміздегі төтенше жағдай режімі аяқталғанда Мемлекет басшысы Қасым-
Жомарт Тоқаев жаһандық жағдаяттарды таразылады. Коронавирус пандемиясы әлемдік рецессияның басталуына себеп болды. Тіпті ұзаққа созылатын экономикалық дағдарысқа да алып келуі әбден мүмкін. Тұтас салалар тоқырауға ұшырап жатыр. Төрт жүз миллионнан астам кәсіпорын банкрот болудың алдында тұр. Дүние жүзіндегі еңбекке жарамды халықтың жартысына жуығының табысы тоқырады. Сарапшылар жаһан экономикасы соңғы жүз жыл ішінде болмаған деңгейге төмен түсетінін болжап отыр... Міне, шым-шытырық, шытырман соғыс – мылтықсыз майдан емей, немене.
Сол жиында Президентіміз ел алдындағы міндеттерді ерекшеледі. Талдады. «Қаржы резерві жеткілікті және мемлекет қарызының көлемі мүмкіндігімізге орайлас. Ең бастысы, біз жаңа ахуал жағдайында жұмыспен қамтамасыз ету және экономикалық тиімділікті арттыру үшін ресурстарды қайда, қалай жұмсау керектігін білеміз», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Халықтың өмірі мен денсаулығын сақтау, азаматтардың табысын арттыру, бизнесті қолдау, білім мен ғылым жүйесін жетілдіру жолдарын саралады. Дағдарыс кезіндегі және одан кейінгі дамудың басымдықтарын даралады.
Одан кейін де Президентіміз бірнеше мәрте мәніске толы мәлімдемелерін жариялады. Халыққа қолдау көрсетудің жолдарын жүйеледі. Сөз бен істің бірлігіне жетудің тапсырмаларын нақтылады. Тікелей өзі бақылауға алды. Жалпы, азаматтар мен бизнесті қолдау үшін 6 триллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. 4,5 миллионнан астам адамға 42500 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. 1 миллионнан аса азаматқа азық-түлік пен тұрмыстық заттар үлестірілді.
«Халықсыз экономика болмайды, ешкім де мемлекеттің назарынан тыс қалмайды. Денсаулық сақтау мен білім беру салаларын, мемлекеттік басқаруды түбегейлі өзгертеміз», деді Президент. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудағы қадамдар аса құптарлық. Бейбіт жиналыстар туралы заң қабылдауды да Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында
Тоқаевтың тікелей өзі ұсынды ғой.
Айтып та айтпай не керек-ай, 2019 жылғы Әз Наурыздың ертесіне Президент ретінде Түркістанға алғаш келген Қасым-Жомарт Кемелұлы сабақтастық, әділеттілік, ілгерілеу туралы ізгілік ұстанымдарын тұңғыш мәрте мәлімдеген еді. Сол сөзін іспен дәлелдеп келеді, ағайындар. Бүгінде Түркі ел – Түркілер төрі Түркістан шаһары бір кездегі Астана, қазіргі Нұр-Сұлтан сияқты ай сайын ажарлана түсуде. Сәл көрмесеңіз, танымай қаласыз. Аллаға шүкір, Тәуелсіздікке тәубе, Арыс апатының алапаттары жылға жетпей жөнге келді. Биылғы Мақтааралдағы тасқын зардаптары жойылып, жаңа ауылдар мен жайнаған кенттер көше түзеп, бой көтере бастады. «Нұр-Сұлтан – елдің жүрегі, Түркілер төрі Түркістан – тірегі, шұғылалы Шымкент – реңі» - десетіндер көп қазір.
Өкінішке қарай, соғыстың аты соғыс. Коронавирус соғысы шығындарға ұшыратып жатыр. Ләйім, Жаратқан Ие жар болғай. Күні кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы қазіргі ахуалға, атқарылар міндеттерге терең де ерен талдаулар жасады. Кемшіліктерді жасырмады. Ащы да болса ашып көрсетті. Тапсырмаларды түгендеп, тәптіштей түсіндірді. Талапшылдық пен тәртіпті, жауапкершілікті қатайтатынын қайталай қағидалады. Айтылмаған нәрсе қалмады. Ұлт болып ұйыса білсек, барлық мақсаттарға қол жететіні де айқын айрықшаланды. Құдай қаласа, мына мылтықсыз майдандағы жеңіс те жақындай түсер.
Осынау таза тілек пен көркем ниет баршамыздың жан-жүрегімізден жарып шықса дейміз. Осындай сын-қатерлі шақтарда, кезенейлі кезеңдерде біз жаһандық Екінші Ұстаз Әбу-Насыр Әл-Фарабиге, ізгілік ілімдерінің ізашары, шандоз шайыр Ахмет Ясауиге, Адамзаттың Абайына жүгінгеніміз жөн. Әбу Насыр бабамыз қайырымдылықты бәрінен биік қойған. Әрбір адамның, әрбір әулеттің, әрбір көшенің, әрбір ауыл мен әрбір қаланың қайырымдылығы мен көркемниеті бүкіл адамзаттың амандығына апарады деген. Адамгершілік асыл қасиеттердің бар-баршасын қайырымдылыққа жатқызған. Ал Ахмет атамыз: «Іштерінде қулық толғандардың, кеуделерінде ар-ұят солғандардың жүректері тебіренбейді», деген.
Құнанбайұлы: «Тыныштық іздеп таба алмай жүрген жұрт тыныштық көрсе, сәтке тұрмай тыныштықтан жалыға қалатұғыны қалай?!» деген.
Айналайындар, әлеуметтік желінің әлеуеті күшті, әділеттілікке, шындыққа жетпекке жетелейді. Алайда әлеуметтік желіңіздің әлеуметті әулекілендіріп, әсіреңкілендіріп әкететін кеселдері де коронавирустан кем соқпайтын секілденіп барады-ау. Осы орайда тағы да Абайға жүгінген жөн-ақ.
«Қазақтың шын сөзге нанбай, құлақ та қоймай, тыңдауға қолы да тимей, пәлелі сөзге, өтірікке сүттей ұйып, бар шаруасы судай ақса да, соны әбден естіп ұқпай тынбайтұғыны қалай?!»
«Өздерінің ырбаңы бар ма, пыш-пышы бар ма, гуілдегі бар ма, дүрілдегі бар ма – сонысынан ешбір қызықты нәрсе бар деп ойламайды, ойласа да бұрыла алмайды, егер сөз айтсаң, түгел тыңдап тұра алмайды, не көңілі не көзі алаңдап отырады. Енді не қылдық, не болдық?!».
Ай, айналайын Абай-ай! Әлеуметтік желінің әулекілік жағына жанын салатындарды дәлме-дәл діттеген данышпанымыз-ай! Демеске лажыңыз қалмас.
Шаруаға пысық, кәсіп пен нәсіпке пысық болмақтың, өнердің өріне өрлемектің орнына, ақылға бірлік, білімге бірлік, ғылымға бірлік жасамақтың орнына пәле шығаруға пысық, өнерлілерді күндеуге пысық, өсек-өтірікті жиып-теріп, елге жаймаққа, бүлдірмекке пысықтарды шебер шенейді-ау, айналайын Абай. «Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек; періште төменшіктеп, қайғы жемек», деп түйіндейді.
Абай айтқан кесел-кесапаттар бүгін де бүлдіруі бек бәлкім. Қазақ быт-шыт болса, Қазақстан быт-шыт болса, бұтарланып, бөлініп, бүлініп кетсе деп көксейтіндер көп. Ішімізде де, сыртымызда да. Ондай кесел-кесапаттарды жоғары жауапкершілік жеңеді. Ұлт алдындағы, ел алдындағы Тәуелсіздік алдындағы жоғары жауапкершілік.



Мархабат БАЙҒҰТ,
жазушы,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Халықаралық
«Алаш» және
«Түркі әлеміне қызмет» сыйлықтарының
лауреаты

 

ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы

17.07. 2020ж.

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

город Шымкент

№27

 

 

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Тулебаев Абдиманап Кошкарович, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1 бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық жұқпалы аурудың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43-БМСД қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №43-ПГВр), Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қатаң карантиндік шектеу шараларды енгізу туралы» 2020 жылғы 3 шілдесіндегі №44-ПГВр қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №44-ПГВр), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Шектеу іс-шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығына сәйкес COVID-19 аурушаңдығының өсуіне байланысты халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 20 шілде сағат 00:00-ден бастап 2020 жылғы 3 тамыз сағат 00:00-ге дейін қатаң шектеу шаралары және карантин ұзартылсын.

2. Шымкент қаласының әкімдігіне, Шымкент қаласының аудандық әкімдіктеріне, Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына, денсаулық сақтау субъектілеріне: 

2.1. Шымкент қаласының аумағында, мөлтек аудандардың, тұрғын үй алабының, көп қабатты тұрғын үйлердің және ұйымдардың қоқысқа арналған алаңшаларын жоспарлы үнемі тазалауды, күнделікті тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды шығару және қоқысқа арналған контейнерлерді тазалауды, дезинфекциялауды, жууды қамтамасыз етуді;

2.2. провизорлық стационарлардың аумағын күнделікті дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып залалсыздандыру іс-шараларымен қамтамасыз етуді.

3. Осы Қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, тұрғындарды БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.

4. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.

5. Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері

А.Тулебаев

Страница 6 из 401