ЖЫЛЫЖАЙҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛМЕК

Среда, 22 Апрель 2020 02:06

Алдағы бірер жылда Шымкент маңайында жылыжай шаруашылығы дамиды. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің жергілікті шаруалармен жүздесуінде айтылды.

Жабық жылыжай кешендердің көлемін арттыру мақсатында «Оңтүстік» көліктік логистикалық аймағынан 136 гектар жер қарастырылыпты. Оның 100 гектары өнеркәсіптік кешен болады. Қалғанын инфрақұрылым қамтиды.
– Жоба жүзеге асса мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылып, жұрт жыл он екі ай көкөніспен қамтылатын болады, – дейді қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков.
Ал, Логистикалық аймақта қолға алынған алғашқы инвеститциялық жобаның құны 2,3 млрд тгеңгені құрайды. Мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында «Taza onim» шаруа қожалығы 9 гектар жерге жылыжай салып жатыр. Оның 3 гектары бітіп, шаруалар 370 тонна өнім алып үлгеріпті. Көкөніс толықтай жергілікті нарыққа сатылған. Қалған 6 гектары жыл соңына дейін бітеді. Қожалық жергілікті 30 адам тұрақты және 20 адамды ауыспалы жұмыс орнымен қамтыған. Кешеннің жанынан жұмысшылар үшін арнайы жатақхана да салынып жатыр екен.
Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы шаруашылық өндірген өнімді жергілікті базарларға тікелей жеткізіп беру жағын қарастыруды тапсырды. Жылыжайдан шыққан өнімнің келісі 400 теңгеден босатып жатыр. Бұл отандық өнімінің сатылу құнын реттеп, жергілікті халықтың көкөністі делдалсыз сатып алуына мүмкіндік береді.

КАРАНТИН ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Среда, 22 Апрель 2020 02:05

94443367 2507364479576503 1269005442596470784 n

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қарастырылған қосымша карантиндік төсек орындардың дайындығымен танысты.

Қосымша карантин орындар қаладағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне қарасты №4 және 5 жатақханада дайындалған. №5 жатақхана Нұрсәт шағынауданында, ал №4 жатақхана Отырар шағынауданында орналасқан.
Қала әкімі жатақханалардағы медициналық бекеттердің жабдықталуы мен тұрмыстық жағдайларының мүмкіндігімен танысты. Айта кетейік, №5 жатақхана 240, №4 жатақханада 350 орынға лайықталған. Бұл екі жатақхана да мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған. Онда тұрақтаушыларға арнап лайықты жағдай жасалған.
Карантиндік стационарға коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында басқа өңірлердер жұмыстан қайтқан қызметкерлер мен шетелден келген азаматтар жатқызылады.
Карантиндік орталықты көріп шыққан қала әкімі
Мұрат Әйтенов індеттің таралуын алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, жоспарлы жұмыстарды барынша жүйелеуді тапсырды.

брифинг

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылайтын 4 мобильді топ құрылды. Олар жергілікті билік бекіткен 9 түрлі әлеуметтік азық-түліктің бағасын тұрақты ұстап тұруын бақылайды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов айтты.

– Қалада жалпы 1900-ден астам дүкен бар. Қазір олардың 157-сіне жоғарыда аталған 9 тауар түрін шекті бағамен сату керегі ескертілген. Бірер күнде барлық кәсіп иелері құлақтандырылады. Одан әрі бағаны асырған дүкен иелеріне ескертусіз айыппұл салынады, – деді қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.
Әлеуметтік маңызы бар 9 түрлі азық-түлік бағасын тұрақты ұстап тұру үшін әкімдік пен «GraMad Retail» ЖШС-мен келісім түзген.
Қазіргі таңда аталмыш серіктестіктің қоймасында азық-түлік қоры жеткілікті. Оған қоса тауарлардың көтерме бағасы тұрақты. Келісім негізінде серіктестік өзінің 2 супермаркетінде азық-түлікті белгіленген бағада сатып жатыр.
Енді «GraMad» супермаркетіне «Magnum» «Фиркан» сауда желілері де қосылды. Қазір қала аумағында бекітілген бағамен азық-түлік сатып жатқан 21 сауда желісі бар.

9 түрлі әлеуметтік азық-түліктің шекті бағасы:

«ФИРКАН»

Бірінші сұрыпты ұн (1 келі) - 166 тг
Күріш (1 келі) - 272 тг
Қалыпты бөлке нан - 73 тг
Жұмыртқа 10 данасы - 305 тг
Өсімдік майы (1 литр) - 422 тг
Тұз (1 келі) - 47 тг
Сиыр еті /сүйекті жауырын төс бөлігі (1 келі) - 1900 тг
Макарон /рожки/ (1 келі) - 212 тг

 

«МАГНУМ»

Бірінші сұрыпты ұн (1 келі) - 165 тг
Күріш (1 келі) - 255 тг
Қалыпты бөлке нан - 73 тг
Жұмыртқа 10 ДАНАСЫ - 305 тг
Өсімдік майы (1 литр) - 422 тг
Тұз (1 келі) - 50 тг
Макарон /рожки/ (1 келі) - 187 тг
Сиыр еті /сүйекті жауырын төс бөлігі (1 келі) - 1904 тг
Қарақұмық(1 келі) - 299

 

«GRAMAD»

Бірінші сұрыпты ұн (1 келі) - 147 тг
Күріш (1 келі) - 272 тг
Қалыпты бөлке нан - 73 тг
Жұмыртқа 10 данасы - 305 тг
Өсімдік майы (1 литр) - 421 тг
Тұз (1 келі) - 50 тг
Сиыр еті /сүйекті жауырын төс бөлігі (1 келі) - 1904 тг
Макарон /рожки/ (1 келі) - 208 тг
Қарақұмық (1 келі) - 318 тг
Құмшекер (1 келі) - 194 тг
Қырыққабат (1 келі) - 107 тг
Картоп (1 келі) - 105 тг
Пияз (1 келі) - 114 тг
Сәбіз (1 келі) - 120 тг

15000

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев төтенше жағдай мен карантин уақытында тұрғындардың коммуналдық қызметке төлейтін ақысының мөлшерін азайту бойынша жүйелі шараларды әзірлеуді тапсырған болатын. Осыған орай, карантин енгізілген өңірлерде халықтың жекелеген санаттарының коммуналдық шығыны үшін тұтынушылардың дербес (абоненттік) шоттарына 15 мың теңгеден аударылмақ.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың айтуынша, қалада коммуналдық шығыны үшін аталған қаржыны алатын 200 мыңға жуық абонент бар. Олардың қатарына әлеуметтік аз қамтылғандар, көпбалалы аналар, жалғызбасты зейнеткерлер т.б. санаттағы азаматтар енгізілген.

– Бұл мәселе бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы абоненттердің тізімін жасап, жинақтау үстінде. Тұрғынның әлеуметтік мәртебесі расталған жағдайда коммуналдық қызметтер тұтынушысының дербес (абоненттік) шотына тиісті қаржы аударылады, – деді қала әкімінің орынбасары.

Айта кетсек, мемлекеттік органдардың ұсынысы негізінде коммуналдық шығыны үшін төлем алушылардың келесі санаттары айқындалған. Олар:

- 1, 2, 3 топ мүгедектері;

- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

- көпбалалы отбасылар;

- ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;

- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары;

- төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;

- атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер.

 

ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы

18 сәуір 2020ж. 

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

город Шымкент

№11

 

 

                                                                

 

 

 

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1-бабы 1-тармағы 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 14.04.2020 жылғы № 33-ПГВр қаулысы, Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссияның 17.04.2020 жылғы №12 хаттамасына сәйкес, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу, сондай-ақ, Шымкент қаласында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – COVID-19) бойынша эпидемиологиялық жағдайдың асқынуына ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Шымкент қаласының барлық аумағында 2020 жылдың 19 сәуірі сағат 00:00-ден бастап 01.05.2020 жылы сағат 07.00-ге дейін төмендегідей шектеулер енгізілсін:

1) айырбастау пункттерінің, микрофинанстық ұйымдардың қызметін онлайн жұмыс режиміне және «клиенттерге дейін жеткізу» принципі бойынша көшіру арқылы тоқтата тұруды;

2) қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата тұруды;

3) Шымкент қаласының полиция Департаментінің, Ішкі істер Министрлігінің Ұлттық гвардиясының, қорғаныс Министрлігінің әскери құрылымдарының күштерімен карантиндік аумақты патрульдеуді;

4)65 жастан асқан азаматтарға және он сегіз жасқа толмаған азаматтар тұрғын үйден ересек адамның сүйемелдеуінсіз шығуына тыйым салуды;

2.Карантин режимін сақтамаған тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартылсын.

3.Күші жойылды деп танылсын:

1)Шымкент қаласы бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 02.04.2020 жылғы №9 Қаулысының 4 тармағы.

4. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өз құзырыма қалдырамын.

 

5. Осы Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері

А. Тулебаев

«Үйде бірге оқимыз!»

Пятница, 17 Апрель 2020 09:59

Шымкент қалалық Жастар рерурстық орталығының ұйымдастыруымен осындай челлендж басталған болатын. Жастар арасында оқу мәдениетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға 600-ге жуық оқырман белсенділік танытып отыр. Карантин кезеңінде бос уақыттарын тиімді өткізіп жатқан қатысушылардың дені - студенттер мен оқушылар.

 

Abai

 

Челленджге қатысушылар төтенше жағдайға байланысты кітапханалардың жабық болуына қарамастан оқулықтардың электронды нұсқаларын тауып, қызығушылық білдіруде. Оқырмандардың басым бөлігінің таңдауы әдеби кітаптарға түскен. Сондай-ақ, ағылшын, орыс тіліндегі кітаптарды оқып жатқандар да бар.

Айта кетейік бас жүлде иегеріне Phone Pro 11 смартфоны сыйға берілсе, өзге де белсенді қатысушыларды тосынсыйлар күтуде. Жеңімпаздар 30 сәуір күні тікелей эфирде, сағат 17:00-де анықталмақ.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын 25 наурыздан бері уақытша тоқтатқан болатын. Бұл өз кезегінде бірыңғай байланыс орталығы операторларының жұмыс жүктемесін арттырды.

Азаматтарға арналған үкімет 1414 бірыңғай байланыс орталығының жұмысын күшейту үшін ХҚО қызметкерлерін жұмылдырды. Шымкент қаласының 144 тәжірибелі және дайындықтан өткен маманы тұрғындарға кеңес беріп отыр.

Мемлекеттік қызметтер бойынша бірыңғай байланыс орталығының операторларынан аптасына жеті күн бойы кеңес алуға болады.

 

1414

 

Бұдан бөлек 49 қызметкер қызмет алушыларды «Мобильдік азаматтар базасында» тіркеп, бейнеқоңырауларды қабылдауға жұмылдырылған. Бір апта ішінде олар 20мыңнан астам бейнеқоңырау қабылдап үлгерді.

Қазақстандағы бірыңғай байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді, ал демалыс күндері олармен сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін байланысуға болады. Қоңырау шалу тегін.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент бойынша филиалының өкілі Алтынай Татаеваның айтуынша, мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына Шымкент қаласы бойынша орта есеппен күніне 18 000-ға жуық адам хабарласады.

«Жеті күннің ішінде біздің байланыс орталығына 90 мыңнан астам қоңырау келіп түсті. Негізінен азаматтарды төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты тағайындалатын 42 500 теңге жәрдемақысын алу, egov.kz арқылы анықтамаға қол жеткізу, сондай-ақ, АӘК төлемдерін тағайындау бойынша сұрақтар мазалайды», - дейді Алтынай Татаева.

Маман бірыңғай байланыс орталығына хабарласушылардың көптігін ескеріп, шымкенттіктерді шыдамдылық танытып, сабырлы болуды сұрады.

Еске сала кетейік, қазақстандықтар мемлекеттік қызметті электрондық форматта ала алады. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтің 87% электронды үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ, кейбір қызметтер мен сервистерді ЕgovМоbile мобильдік қосымшасы, eGovKzBot2.0 телеграмм-ботынан және Facebook, Vk әлеуметтік желілеріндегі egov чат-боттарынан алуға болады.

855

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Егістіктен тікелей сауда орнына» атты арнайы жоба жүзеге асырылмақ. Ол Шымкент қаласында мамыр айында қолға алынады. Жобаға сәйкес шаһарда бірнеше сауда орталығы құрылады. Онда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер тауарларын делдалсыз саудалайтын болады. Бұл жергілікті нарықта әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің бағасын арзандатуға септігін тигізбек.

Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек аталмыш жобаны жүзеге асыру мақсатында Түркістан облысының тиісті сала басшылығымен екіжақты меморандум түзілген. Жоба аясында әлеуметтік дүкендердің жұмысы қайта қолға алынады.
Қазіргі уақытта қаланың іргесіндегі ауылдарда көктемгі дала жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бастапқыда Шымкентке кіреберіс жолдардағы бақылау-өткізу бекеттерінде шаруалардың кіріп-шығу мәселесі қиын болған.

Қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Қаныбековтің айтуынша, бүгінде бұл проблема шешімін тапқан. Яғни шаруалар бақылау-өткізу бекеттерінен кедергісіз өтуде. Мәселен, Шұбарсу елдімекенінің диқандары қаланың әуежай маңындағы егістік жерлеріне алғашқыда бара алмаса, қазір тиісті құжаттардың арқасында оларға қала аумағына өтуге рұқсат берілді.
Карантин кезінде мемлекет тарапынан шаруаларға қолдау артқан. Оған дәлел, жанар-жағармайдың 1 литрі 174 теңге болса, ол бүгінде 160 теңгеге арзандатылды. Мегаполистің шаруа қожалықтарына 1250 тонна солярка бөлінген. Ол қажеттілікті өтеуге толық жетеді. Қазіргі таңда 400 тоннадан астам жанар-жағармай босатылды. Диқан қауымы солярка алу үшін Qoldau.kz порталына тіркеліп, өтініш тастау керек. Сонымен бірге шаруаларға 5 пайыздық мөлшерлемемен 500 млн теңге арзандатылған несие беру қарастырылған. Асқар Сәкенұлының мәлімдеуінше көктемгі дала жұмыстарын атқаруда техника жетіспеушілігі мәселесі туындап отырған жоқ.
Індетке қарамастан биыл ауыл шаруашылығы саласында үлкен жоспарларды іске асыру мақсаты қойылып отыр. Соның бірі – осы жылы егістік көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1 мың гектарға артып, жалпы 27,6 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілмек. Жоспар бойынша биыл 9 мың гектарға дәнді дақылдар, 2,8 мың гектарға майлы дақылдар, 1,5 мың гектарға көкөніс пен бақша, 0,1 мың гектарға картоп, 3,2 мың гектарға мал азықтық дақылдар егу межеленуде. Өнімділікті арттыру үшін минералды тыңайтқыштар құнын субсидиялауға 105,1 млн теңге қаралған. Осы күнде шаруалар субсидия қаражатын ала бастады. Ауыл шаруашылығы басқармасының дерегіне сүйенсек, бүгінгі таңда мегаполисте 183,5 гектар жылыжай бар. Биыл оның көлемін қосымша 30 гектарға ұлғайту көзделіп отыр. Ал өткен жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы саласынан түсетін табысты жыл соңына қарай 1,6 млрд теңгеге арттырып, агросектордағы жалпы табыс көлемін 11 млрд. теңгеге жеткізу жоспарлануда.

 

Ә.НҰРЖІГІТҰЛЫ

Страница 9 из 380