Қаржылай көмек көрсетiледi

Пятница, 06 Февраль 2015 04:57 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3212 раз

Биыл Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне жалпы сомасы 5,6 миллиард теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек төленеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

3bda58b59dbf3b532da6e4fe52c14a4a2015 жылы Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен соғыс мүгедектеріне және олармен теңестірілген адамдарға, тыл еңбеккерлері мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске үлес қосқан Қазақстанның басқа да азаматтарына республикалық бюджетте 5 миллиард 690 миллион 183 мың теңге қарастырылған. Ардагерлердің Астана мен Мәскеу қалаларында өтетін мерейтойлық шараларға баруы үшін бюджеттен 61,8 миллион теңге бөлінеді. “Нақты айтқанда, бір реттік материалдық көмек келесі ретте қарастырылған: Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге – 100 мың теңге; Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге теңестірілген, Жеңіске үлес қосқан азаматтарға – 70 мың теңге”, – делінген министрліктің хабарламасында.
Сондай-ақ Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі үшін оларға теңестірілген тұлғаларға, тыл ардагерлеріне және тағы басқаларға да материалдық көмек көрсетіледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.