Жеңiске қосқан үлесi зор

Пятница, 24 Апрель 2015 06:01 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3058 раз

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Шымкент өңірлік мемлекеттік мұражайы бірлесіп, «Оңтүстік Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты «дөңгелек үстел» мәжілісін өткізді. Шараға соғыс және тыл ардагерлері, ғалымдар мен студент жастар қатысты.

b19c77e4327ec1197441fc498a2bf038Университет ректоры Ж. Мырхалықов Ұлы Жеңіс күнінің тек соғыс ардагерлерінің ғана емес, барша қазақстандықтардың айрықша мерекесі екендігін атап өтті.Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов майданға біздің облысымыздан 140 мыңдай азамат аттанғанын, олардың 43 мыңы ғана елге оралғанын, бүгінде облыс бойынша 432 ардагер арамызда жүргенін жеткізді. Көптеген жылдар бойы Сабыр Рақымов атындағы әскери мектепке басшылық еткен Ұ. Бәшенов жерлес генералдың өмір жолы мен әскерді басқару өнеріне кеңінен тоқталды, оның темірдей берік қолбасшы болғанын айтты.
Шымкент өңірлік мұрағатының директоры Г. Шардарбекова бұл мекемеде облыс тарихы жайлы құнды құжаттар жинақталғанын, соның ішінде майдангерлер мен тыл еңбеккерлері жайлы көптеген мәліметтер сақтаулы екенін, олар әлі де өз зерттеушілерін күтуде екенін тілге тиек етті. Біздің облысымыздан шыққан 52 Кеңес Одағының Батыры мен 8 «Даңқ» орденінің толық иегерлері туралы мәліметтерді студент жастар қызыға тыңдады.
Тарих ғылымдарының кандидаты Ғ.Маймақов оңтүстік еңбеккерлерінің соғыс жылдарындағы ерен еңбегі, олардың жеңіске қосқан сүбелі үлесі туралы жан-жақты баяндап берді. Іс-шара соңында Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойылғаннан кейін, соғыстан қайтпай қалған ата-бабалар әруағына құран бағышталып, ас берілді.
 

Қ. Мырзабеков,
Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу
 және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық
факультетінің аға оқытушысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.