Елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтеруде өнеркәсіптік саланы дамыту маңызды. Бұл бүгінде мемлекет дамуының басты бағыттарының біріне айналып отыр. Әсіресе, шағын кәсіпкерлікті қолға алу арқылы ішкі нарықтағы сұранысты толығымен қамтамасыз ету мүмкіндігі кеңейеді. Елбасы Оңтүстікке келген сапарларында өңірде шағын кәсіпкерлік саласын дамытуға мол мүмкіндік жасалып отырғанын қадап айтқан еді. Бұл орайда бүгінде бір жерге бірнеше өндіріс орындарын шоғырландырып, қолайлы жағдай жасап отырған «Оңтүстік» индустриялды аймағын айтуымызға болады. Осылайша ел тұтынатын, кәдеге жарайтын өнімдер өзімізде де шығарылады. Иә, ел экономикасының өсуіне айтарлықтай серпін беретін облысымыздағы «Оңтүстік» индустриялдық аймағында қазір ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Жаңа кәсіпорындар іске қосылып, жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Индустриялдық аймақтың бүгінгі тыныс-тіршілігін «Оңтүстік» индустриялды аймақтарын басқарушы компаниясы» бас директоры Мұхтар Тұрабековтен сұраған едік.
– Мұхтар Ералыұлы, «Оңтүстік» индустриялық аймағы қашан құрылды? Қазір мұнда қандай жобалар жүзеге асырылуда? Жалпы, атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі қандай?
– Облыста «Оңтүстік» индустриялық аймағы 2010 жылы құрылды. Өздеріңіз білесіздер, бұрынғы Фосфор зауытының аумағы бірнеше жылдар бойы қараусыз, пайдаланылмай жатқан болатын. Облыс әкімінің бастамасымен осы жерден индустриалды аймақ құру туралы шешім қабылданды. Бүгінгі таңда мұнда жалпы құны – 76 млрд теңгені құрайтын 71 жоба бар. Қазір оның 45-сі іске қосылып, өнім өндіруде. Бұл жобаларды инфрақұрылымдық жүйелермен қамтамасыз етуге мемлекет тарапынан 5, 8 млрд теңге бөлініп, қолдау көрсетілді. 3 300 жаңа жұмыс орны ашылды. Айта кету керек, автомобиль майларын шығаратын «Hil Corporation», «Еврокристалл» пластмасс қақпақтар шығаратын «Spirit Kazakhstan», полипропилен және пластмасса бұйымдарын шығаратын «ЮгРегионПласт» көшбасшы компанияларға айналып отыр. Сондай-ақ, биыл Шымкентте «Бадам», «Қазақ-түрік», «Тассай» және агро-индустриялық аймақтарды ашу жоспарлануда. Жалпы арнайы экономикалық аймақ құру өндірісті ынталандырып, тауарларды ішкі, сыртқы нарыққа шығаруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде еліміздегі өндіріс орындары қарқынды дамып, оларға жаңа технологиялар енгізіледі, инвестиция тартылады.
– Ал сіздердің басқарушы компания болып құрылудағы мақсаттарыңыз не?
– Облыс әкімдігінің бастамасымен басқарушы компания құрылды. Негізгі мақсатымыз - мемлекет қаржысына жүргізілетін инфрақұрылым жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп отыру. Одан басқа индустриялды аймақтағы жаңа кәсіпорындардың аяқтан нық тұрып кетуіне қолдау көрсетеміз. Яғни, жер мәселесі, құжаттамаларын қарау секілді ең алғашқы әрекетінен бастап, өндірісі іске қосылғанға дейінгі жұмыстарға біздің мамандар көмек көрсетеді.
– Жақында іссапармен Түркия елінде болып, тәжірибе алмасып қайттыңыздар. Ондағы индустриялық аймақтардың қарқыны қандай және олардан өзімізге не алуға болады?
– Түрік елі индустрияландыру саласы бойынша өте жақсы дамыған ел. Оларда индустрия аймақтарын дамыту елу жыл бұрын қолға алынған екен. Бұл сала бойынша арнайы заң да қабылданған. Өздерінің ерекшелігі, даму жолдары қалыптасқан. Бір байқағаным, индустриялық аймақтарда Түркияға қарағанда біздің елімізде көптеген мүмкіндіктер қарастырылған. Айталық, кәсіпкерлер бастапқыда бүкіл инфрақұрылым жүйелерін өздерінің есебінен жүргізген. Бірнеше жыл жерді дайындаған. Инфрақұрылым жүйелерін жүргізу мәселесін шешкен. Сөйтіп, өндіріс салынғанға дейін бес-жеті жыл уақыттарын сарп еткен. Қазір мемлекет тарапынан несие беріліп, қолдау көрсетіліп отыр. Ол кезде де қолдау көрсетілген, бірақ біздің мемлекет сияқты инфрақұрылым жеткізіп бермеген, ұйымдастыру мәселелерін шешіп, құжаттамасына көмектесу деген болмаған. Ал біз небары бір жылда үш қала индустриялдық аймақтың, алты аудан индустриялық аймақтың инфрақұрылымын жеткізіп беріп отырмыз. Дегенмен, олардан алатын тәжірибе жеткілікті, жақсы жақтарын бізге әкеліп сіңдіру, дамыту - біздің мақсатымыз.
– Мамандарға деген сұраныс қалай? Олардың біліктілігін арттыру үшін қандай жұмыстар жасалуда?
– Кез келген салада білікті маманға сұраныс болады. Өзімізде «Білікті маман» оқу орталығын ашпақпыз. Кәсіптеріне байланысты бір айдан үш айға дейін кадрларды қайта оқытып, сертификат береміз. Зауыттардан өндірістік тәжірибеден өтуге мүмкіндік жасаймыз. Егер де маман өзінің алғырлығын, іске ептілігін көрсете алса, кәсібін толық меңгерген болса кәсіпорындарға жұмысқа алынады.
Мақсат Ескендір, инвестиция тарту бөлімінің аға менеджері және «Қазақ-түрік» индустриялды аймағының басқарушы директоры:
– «Қазақ-түрік» индустриялықаймағынАнкараөнеркәсіппалатасыменбірігіпбасқарамыз. Мақсатымыз - Түркияданинвесторлардытарту, интеграциясыноңайлату, қолайлышарттаржасасу. Яғнибізбүкілқұжаттарын, рұқсатқағазтағыбасқамәселелерінтезірекшешіпберугекөмектесеміз. Қазіргітаңдасегізтүріккомпаниясыныңжобаларыіріктеукомиссиясынанөтіп, жербөлініп, соныңүшеуіқұрылысынбастады. Сегізжобаныңжалпыинвестициялықкөлемі 130 млн. АҚШдолларынқұрапотыр. Олардыңарасында «Turkaz FFP» компаниясықұрылыстақолданылатынфомбетонжәнефибербетоншығарады. «Emek Boru» темірқұбырларжасайды. «Ege plast» жылыжайдақолданылатынарнайыпластикалыққұбырларөндіреді. Сондай-ақ, үйжылытудапайдаланылатыналиминиумрадиаторларшығаратын «Gold Aluminium», пластикалықпакеттерөндіретін «КонтинентЭверест», химиялықбояуларшығаратын «СтройСегмент» фабрикалары, БМСәскерикөліктершығаратынзауыттарашылмақшы.
Бердібек Жаңабаев, бас директордың орынбасары:
– Қазір өңірдегі 6 ауданда жұмыс жүргізілуде. Қазығұрт, Мақтарал, Түлкібас, Шардара, Бәйдібек аудандары мен Кентау қаласында инфрақұрылым жүйелері түгелдей аяқталды. Түркістан мен Созақ ауданында индустриялық аймақ құрылып қойған. Түркістанда 19 жобасының қазір алтауы жұмыс жасауда. Созақта үш зауыт өнім өндіруде. Облыс бойынша инвестицияның жалпы көлемі 260 млн АҚШ доллары. Кентау трансформатор зауыты жанынан құрылған өндіріс кешені гофроқабырға шығаруды қолға алса, «Стандарт цемент» зауыты қағаз қап өндірісін, «Казатомпром» Ұлттық атом компаниясының жанынан құрылған құрылымдар радиоактивті заттар құйылатын бөшке мен полиэтилен бұйымдары өндірісін жолға қойды.
Дәурен Қозыбаев, бас директордың орынбасары:
– Алдағы уақытта «Қазақ-қытай», «Қазақ-кәріс», «Қазақ-өзбек» индустриялды аймағын құру жоспарда тұр. Осы жылдың қаңтар айында Қытай еліне барып қайттық. Олардың ірі компанияларымен келісіп, өзіміздің инвестициялық ахуалымызбен, мүмкіндігімізбен танысу үшін облысымызға шақырдық. Шілде айында 30 қытайлық ірі компаниясының өкілдері қонаққа келеді. «Қазақ-Оңтүстік Корей», «Қазақ-Өзбекстан» бағыты бойынша жұмыстар ұйымдастыруды қолға алдық. Жақын арада сол жаққа да барамыз. Индустриялық аймақтарымен танысып, инвесторлармен келіссөздер жүргіземіз. Одан басқа инвестор тарту мақсатында Алматы, Астанада ірі форумдар өткізу жоспарымызда бар. Ал шілде айында «Бадам» индустриялды аймағында «Kazkioti» ЖШС-нің ауылшаруашылық техникасын құрастыратын зауыты іске қосылмақшы. Трактордың үш түрін құрастыратын бұл зауытта 400-ге жуық адам жұмыспен қамтылады.