Шымкентте 320 орынды балабақша ашылды

Понедельник, 01 Июнь 2015 09:10 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 10490 раз
Бүгін 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай Шымкенттегі «Тұлпар» шағынауданында №56 «Тұлпар» бөбекжай-балабақшасы ашылды.
2Қала әкімі Дархан Сатыбалды мен облыстық ата-аналар кеңесінің төрағасы Әнуарбек Бейсе лентасын қиған бұл балабақша 320 орынға арналған.
1 1Балаларға арналған ойын бөлмесі, музыка залы, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған спорт залы, асхана қазіргі заман талабына сай жабдықталған.
 
3Сондай-ақ әр топқа арналған ойын алаңшалары мен қысқы, жазғы бассейні бар.
– 18 топта 320 бала тәрбиеленеді. Олардың 200-ден астамын қабылдап үлгердік, – дейді балабақша меңгеруші Сәуле Мұсабекова.
5Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Ынтымақ Мәдиевтің айтуынша, жыл басынан бері Шымкентте үш балабақша ашылған. Ал жыл соңына дейін тағы төрт балабақша пайдалануға берілмек.
6«Балапан» бағдарламасы бойынша 76 пайыз балабақшамен қамтылған. Бағдарламаның орындалу деңгейін 100 пайызға жеткізу үшін 7 200 орынды 25 балабақшаны салуды жоспарлап отырмыз», – дейді ол.
7«Тұлпар» бөбекжай-балабақшаның кішкентай бүлдіршіндері ән айтып, би билеп, тәтті қылықтарымен тәнті етті.
 
 
Последнее изменение Понедельник, 01 Июнь 2015 09:40
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.