Түркияда тынығам деп...

Пятница, 19 Июнь 2015 09:15 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3729 раз
bodrЖақында Түркияда демалып жатқан отандастарымызға қатысты шу шығып, «Tеngri Travel System» туристік компаниясымен саяхатқа аттанған туристер көшеде қалған болатын. Он жылға жуық уақыт бойы жұмысын тындырымды атқарып келген компания аяқ астынан «банкрот» болғанын жариялады.
 
Ал, Анадолы жерінде саяхаттап жүрген мыңға жуық отандасымыз қонақүйлерден қуылды. Олардың ішінде облысымыздан аттанған 75 адам бар. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ұйымдастыруымен «Эйр Астана» әуе компаниясы 13 рейс бөліп, қазір олардың барлығы отанымызға аман-есен оралды.
 
– Облыс бойынша туристік компания жұмысын тоқтатқаннан кейін, жедел штаб құрылды. Түркияға облысымыздан аттанған азаматтарының тізімі жасақталып, жедел жоғарғы органга жолданды. Сондай-ақ, Шымкент қаласынан Түркияға баруы тиіс азаматтардың тізімі жасалды. Облыс бойынша 131 адам 13 турагенттікпен келісімшартқа отырған. Олардың 29-ы бүгінде Түркияда демалуда, жолдама құны төленбеуі салдарынан 12 турист жолдамадан бас тартуға мәжбүр болып отыр. Ал, 90 адамның жолдама мерзімдері келмеген. Қазіргі таңда, «Tengri Travel System» туроператорының жұмысын тоқтатуы салдарынан зардап шеккен турагенттердің шығындары есептелуде, – дейді Шымкент қаласының кәсіпкерлік бөлімі басшысы Асқар Қаныбеков.
 
Бүгінде «Tengri Travel System» туроператорының бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. 
 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.