Қош келдiң, Рамазан!

Пятница, 19 Июнь 2015 09:36 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2895 раз
jpg-300x214111111111111111111111111Мейірімді, рахымды Алланың атымен бастаймын!
Барлық мақтау мен мадақ Әлемдердің Раббысы Алла тағалаға болсын! Жыл бойы күткен қасиетті Рамазан айына жеткенімізге жаратқан Иемізге сансыз шүкірлік етеміз.
 
Құрметті оңтүстікқазақстандықтар! Қадірлі жерлестер!
Баршамызды мүбәрак Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы Жаратушының пенделеріне тартқан теңдессіз сыйы – қасиетті  Рамазан – сансыз сезімдер мен толып тасыған ізгі ойлардың салтанат құрған, күн мен түн де тұтастай Жасаған Иеміздің рақымы мен мейіріміне тұнған ай. Басқа уақытпен салыстырғанда, жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы да осы – Рамазан.
 
Қиямет күні ораза тұтқандарды Алла тағала жәннаттың арнаулы қақпасына кіруге шақырады. Хадисте бұл жәннаттың атауы «Ар-Раййан» деп аталады. Бұл қақпадан тек ораза тұтқандар ғана кіреді.
 
Құран Кәрімде: «Ей, иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей тақуалыққа жетулерің үшін ораза ұстау сендерге де парыз етілді» делінсе, тағы бір аятта: «Сендердің араларыңда кімде кім Рамазан айының туғанын көрсе, сол күні ораза ұстасын. Сырқат немесе жолаушыларға ораза айында ұстай аламаған күндерін басқа күндері ұстасын» (Бақара сүресі, 183-185 аяттар) делінген.
 
Сүйікті пайғамбарамыз Мұхаммед саллАллау алайхи уассалам былай айтқан: «Кімде-кім ораза тұтса және Алла разылығы үшін шын ықыласымен тарауих намазын оқыса, Алла тағала оның тіршіліктегі күнәларын кешіреді және не тілеген болса тілектері қайтарылмайды», – деген болатын.
 
Биылғы ораза 29 күнге созылады. Яғни, 18 маусым мен 16 шілде аралығына созылады. Ал пітір садақа мөлшері Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жан басына – 200 теңге болып белгіленді.
 
Қасиетті Рамазан айындағы барлық жақсылықтарды Алла тағала баршаларыңызға нәсіп етсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Оразаларыңыз қабыл болсын! Әмин!
 
Ахметжан қажы Керімбек,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
ОҚО бойынша
өкіл имамы
 
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША
2015 ЖЫЛҒЫ ОРАЗА ТҰТУ КЕСТЕСІ

Маусым,

Шілде айлары

Рамазан айының күндері

Апта

күндері

Ауыз бекіту

уақыты

Ауыз ашар уақыты

18.

1

Бейсенбі

3:33

21:08

19.

2

Жұма

3:33

21:08

20.

3

Сенбі

3:33

21:09

21.

4

Жексенбi

3:33

21:09

22.

5

Дүйсенбi

3:33

21:09

23.

6

Сейсенбі

3:34

21:09

24.

7

Сәрсенбі

3:34

21:09

25.

8

Бейсенбі

3:35

21:09

26.

9

Жұма

3:35

21:09

27.

10

Сенбі

3:36

21:09

28.

11

Жексенбi

3:36

21:09

29.

12

Дүйсенбi

3:37

21:09

30.

13

Сейсенбі

3:38

21:09

01.

14

Сәрсенбі

3:39

21:09

02.

15

Бейсенбі

3:40

21:09

03.

16

Жұма

3:40

21:09

04.

17

Сенбі

3:41

21:09

05.

18

Жексенбi

3:41

21:09

06.

19

Дүйсенбi

3:44

21:08

07.

20

Сейсенбі

3:45

21:08

08.

21

Сәрсенбі

3:46

21:07

09.

22

Бейсенбі

3:47

21:07

10.

23

Жұма

3:48

21:07

11.

24

Сенбі

3:50

21:06

12.

25

Жексенбi

3:51

21:06

13.

26

Дүйсенбi

3:52

21:05

Қасиетті «Ләйләтул-Қадыр» кешінде қасиетті

Құран Кәрім аяттарының түсе бастаған кеші

14.

27

Сейсенбі

3:54

21:04

15.

28

Сәрсенбі

3:55

21:04

16.

29

Бейсенбі

3:56

21:03

 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.