15 команда бақ сынаған спартакиада

Пятница, 19 Июнь 2015 09:50 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3863 раз
Журналистер жарысында шағын футболдан «Шымкент келбетi» және
«Панорама Шымкента» газеттерiнiң ұжымы чемпион атанды
 
Оңтүстікте төрт күнге созылған БАҚ өкілдері арасындағы спартакиада ойындары өз мәресіне жетті. Журналистерді жақындастырып, әріптестік достықты дәріптеген сайыста БАҚ қызметкерлері спорттың алты түрінен сынға түсті. Жыл сайын өтетін дәстүрлі спартакиада ойындарын Қазақстанның Журналистер одағы ОҚО филиалы ұйымдастырды.
 MG 3390Жарыстың алғашқы екі күніндегі ойындар нәтижесін газетіміздің өткен нөмірінде жариялаған болатынбыз. Енді бильярд бәсекесі жөнінде толығырақ айта кетсек. Шымкенттегі «Айжарық» бильярд клубында өткен тастаяқ сайысына 30-ға жуық БАҚ өкілдері қатысты. Бұл жарыста Қазақстанның Құрметті журналисі, ардагер қаламгер Байдулла Қонысбек бастаған ел ағалары сайыстың көркін қыздырды. Тартысты өткен бәсекеде «Ел бірлігі» газетінің қызметкері С.Нұрлыханов чемпион атанып, бағалы тоңазытқышқа ие болды. «Жебе» ақпараттық орталығының жетекшісі Б.Қоныс екінші орынды (үй теледидары) иемденсе, үшінші орынды «Дөңгеленген дүние» газетінің бас редакторы Талғат Орманов (үй теледидары) жеңіп алды. Бильярд сайысына демеушілік еткен Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары сайыстың ашылу салтанатында БАҚ өкілдерін төл мерекелерімен құттықтап, еңбекте табыс тіледі. Айта кету керек, журналистер арасындағы бильярд бәсекесінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына республикалық «Уақыт» газетінің директоры Талғат Балтабаев ерекше үлес қосты.
 
Спартакиаданың соңғы күні шағын футбол турнирімен жалғасты. Қажымұқан атындағы орталық стадионда ерлер арасында 16 команда 4 топқа бөлініп, сайысқа түсті. Өз тобынан бірінші орынмен шыққан «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің командасы ширек финалда «Қазығұрт» құрамасын, жартылай финалда «Әділет» газетінің командасын жарыс жолынан шығарды. Шешуші сынға дейін талай мықтыларды сүріндірген «Оңтүстік Қазақстан» командасы финалда «Шымкент келбеті» жігіттерімен кездесті. Бұл орайда біздің ұжымның бағы жанып, спартакиаданың чемпионы болды. Ал, үшінші орын «Әділет» ұлттық апталығының командасына бұйырды.
 MG 3275Ең үздік шабуылшы болып облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Берік Құрманғали танылды. Үздік қақпашы номинациясын Шымкент қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрлыбек Жеңісбек иеленді. Қыздар арасындағы бәсекеде «Ернұр-пресс» ұжымы бірінші, «Южный Казахстан» екінші, ал, «ТВК» телеарнасы үшінші орынды жеңіп алды. Ал, жалпыкомандалық есепте «Южный Казахстан» газетінің ұжымы үздік болса, «ТВК» телеарнасы екінші орынға ие болды. Жүлделі үшінші орын «Ернұр-пресс» командасына бұйырды. Сонымен қатар, жарыста «Ең белсенді команда» номинациясы «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Абай Балажанға табыс етілсе, «Ең ұйымшыл команда» номинациясы Ербол Дайрашов бастаған «Ернияз» ұжымына берілді.
7777779999999999999999999999999999999999988888888Сайыстың жабылу салтанатында барлық жүлдегерлерге диплом мен ақшалай сыйлықтар тапсырылып, Құрмет грамоталарымен марапатталды. Жарыс соңында сөз алған облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Берік Құрманғали биылғы журналистер спартакиадасының өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Сондай-ақ, осы спартакиаданың басты ұйымдастырушысы Қазақстанның Журналистер одағы ОҚО филиалының төрайымы Айгүл Қапбарова ханым салауатты өмір салтын насихаттап, спартакиадаға қатысқан барша БАҚ өкілдеріне ризашылығын білдірді.
 
Алғыс айтамыз!
Спартакиаданың жоғары деңгейде өтуіне атсалысып, қолдау көрсеткен облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Берік Құрманғалиға, облыстық мәслихаттың депутаты Әбілқасым Досболовқа, қалалық мәслихаттың депутаттары Нұрғазы Бұхарбаев, Бахадыр Салимов және Ғани Ахметбаев сынды азаматтарға үлкен алғысымызды білдіреміз!
 
Сәбит ТАСТАНБЕК
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.