Әбдулатифке көмек көрсетейiк!

Пятница, 10 Октябрь 2014 08:57 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2209 раз

Облыстық «Жастар орталығы» сал ауруына шалдыққан 4 жасар Әбдусаттар Әбдулатифтің еміне қаржылай көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын өткізді.  Қасиетті Құрбан айттың алғашқы күнінде «Кең баба» саябағында өткен жәрмеңкеде жерлестеріміздің қолөнер бұйымдары саудаға салынды. Сонымен қатар,  шымкенттік  кондитерлік тәттілері де сатылды.

Облыстық «Жастар орталығы» жанынан құрылған «Еріктілер мектебінің» белсенділері бұл қайырымдылық шараға ерекше дайындалыпты. Жарық дүниеге келген сәттен бастап сал ауруына шалдыққан кішкентай Әбдулатифке қол ұшын созуға баршаны шақыруда. Оған қоса қаладағы орта және жоғарғы арнаулы оқу орындарының жастары да белсенділік танытуда. Бір күндік қайырымдылық іс-шара барысында өзгенің қайғысына ортақтаса білетін жаны жомарт жандардан 260 мың 310 теңге жиналды. Әрине, бұл теңізге тамған тамшыдай ғана. «Жастар орталығының» талантты жастарды қолдау бөлімінің басшысы Майя Әлібжанованың айтуынша, бір күндік еңбек босқа кетпеді. Бүлдіршін үшін әр күн маңызды болғандықтан, оның еміне ертерек қаржы жиналуы тиіс.  Осы мақсатта Шымкенттегі  көптеген дүкендерге де қайырымдылық жәшіктері орнатылған. Дүкенге келіп, күнделікті қажет азық-түлігін алатын тұрғындар көмектерін аямады. Әбдулатифтің анасы Ләзат Әбдусаттардың айтуынша, АҚШ-қа осыған дейін де 2 рет барып ем алған. Оның нәтижесі болғандықтан, үшінші рет бару қажеттілігі отыр. Алайда, қаржы жеткіліксіз. Сал ауруына шалдыққан баланың емі үшін 2,5 миллион теңге қажет.
    

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.