Тазалықты ту еткен тұрғындар Избранное

Пятница, 17 Октябрь 2014 08:53 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4352 раз

акцияға атсалысып жүлдегер атанды

Қала күні мерекесі қарсаңында, Шымкент қаласының әкімдігі мен “ОҚО Азаматтық Альянсы” заңды тұлғалар қауымдастығы нысанындағы бірлестігінің ұйымдастыруымен, “Таза ниетпен, таза қалаға” атты байқауының қорытындысы жарияланды. Қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен салтанатты марапаттау шарасына Шымкент қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне “Алғыс хат” және қаржылай сый-сияпатын табыс етті.

- Қаланың әрбір тұрғынын өз үйлерін әктеп, сырлауға, ауласын, көшесін таза ұстауға, ағаштарды әктеп, аумақтарды көгалдандыруға жұмылдыру шараның негізгі мақсаты болып табылады. Байқауға қатысуға өтініш берген көше тұрғындары тазалық жұмыстарына мейлінше ден қойып, бұл іске жұмыла кіріскені көңілге қуаныш ұялатады. Ендеше, осынау шараның негізгі мақсаты орындалып, тұрғындарды тазалыққа үндеген бастамамыз жүзеге асып отыр деп нық сеніммен айтуымызға болады, - дейді қала әкімі Дархан Амангелдіұлы.
Байқауға қатысу үшін ұйымдастыру алқасына қала аумағынан барлығы 198 өтініш түсіпті. Номинация жеңімпаздарын анықтау үшін төрт ай уақыт бойы ардагерлерден, қоғамдық ұйым басшыларынан, аудан әкімдіктері мен тазалыққа жауапты мекеме қызметкерлерінен арнайы топ құрылып, шын үздіктерді анықтау бағытында қызмет атқарды.
Сонымен, «Үздік аула» номинациясы бойынша, Абай ауданы аумағынан Республика даңғылы, №20 А үй жеңімпаз деп танылса, 8-шағынауданы №6 үй екінші, 3-шағынауданы №6 үйдің ауласы үшінші жүлдені иеленді. Әл-Фараби ауданы бойынша Ә.Молдағұлова көшесінің бойындағы №10 үй ауласы үздік шықса, №4 А екінші, Түркістан көшесінің №3 үйінің ауласы үшінші жүлдені алды. Еңбекші ауданы бойынша «Теріскей» шағынауданының №50 үйінің ауласы үздік шықты. Тиісінше, 16-шағынауданның №39 үй ауласы екінші, Ғ. Ілияев көшесі №115 үйінің ауласы үшінші жүлдеге ие болды.
«Үздік көше» номинациясы бойынша Абай ауданы аумағынан 8-шағынауданның Мамытов көшесі тұрғындары тазалығымен ерекшеленді. Екінші жүлдені «Қорғаныс» шағынауданының Табынбаев, ал, үшінші жүлдені «Қазығұрт» шағынауданының Жандарбеков көшелері жеңіп алды. Әл-Фараби ауданы бойынша «Забадам» қалашығының Шералиев және Бозарық көшелері тиісінше, бірінші және екінші жүлделерді бөліссе, «Тассай» шағынауданының Уәлиханов көшесі үздік үштікті қорытындылады. Ал, Еңбекші ауданы бойынша ең жоғары мәртебені «Нұртас» шағынауданының Жас талап көшесі иеленсе, «Сайрам» шағынауданының Әл-Фараби көшесі екінші, «Қайтпас-1» шағынауданының Гүлдала көшесі үшінші жүлдеге қол жеткізді.
“Үздік аула”, “Үздік көше” номинациялары бойынша байқау жеңімпаздарына 200 мың теңгенің сертификаты табыс етілсе, тиісінше, екінші жүлдеге ие болғандар - 150 мың теңгенің, үшінші жүлде иегерлері - 100 мың теңге қаржылай марапатқа лайық деп танылды. Бұдан бөлек, 12 ынталандыру сыйлығы тағайындалып, марапатқа ие болғандар 40 мың теңге ақшалай жүлдеге ие болды. 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.