5 жұлдызды «Rixos Khadisha Shymkent» Избранное

Пятница, 17 Октябрь 2014 10:58 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 21003 раз

Жуырда Шымкент қаласында көптің аузында жүрген әйгілі Rixos қонақүйі ашылмақ

Бұл – Оңтүстік Қазақстан облысындағы ең алғашқы бес жұлдызды қонақ үй болмақ. 12 қабаттан тұратын сәулетті де әсем «Rixos Khadisha Shemkent» қонақүйі облыс орталығының ең әдемі де айтулы нысанына айналады.

- Отельде бөлмелердің сан алуан түрі болады. Онда стандартты люкс орындарынан бастап, ең жоғарғы үлгіде жабдықталған жайлы бөлмелер бар. Қазақстанда танымал өзге қонақүйлердің нөмірлеріне қарағанда мұндағы бөлмелер кең әрі жарық болады. Мәселен, корольдік бөлме алаңы 321 шаршы метр болса, президенттік бөлме - 450 шаршы метрді құрайды,- дейді қонақүйдің менеджері Елена Шаварян. 

Rixos қонақүйінде қызмет көрсету жағынан көп ерекшеліктерді байқайтын боламыз. Қала қонақтары үшін бизнес-орталық, конференц-залдар, банк бөлімшесі, валюта айырбастау орны, брендтік бутиктер, гүл салоны, SPA&Wellness-орталығы, (Қазақстандағы жалғыз қар бөлмесі ), әсемдік салоны, жас жұбайлар нөмірі, балл-залы, конгрес-холл, лимузин қызметі, Оңтүстік Қазақстандағы ең үздік банкет залы қызмет көрсететін болады. 
Қонақүй ішіндегі мейрамханалардың мәзірінде ең танымал гастрономиялық үрдістегі тағамдар- асқа талғаммен қарайтындардың да үдесінен шығады. «Kazakhasia» және паназиаттық мейрамханаларында еуропалық және азиялық тағамдардың түр-түрі кулинарлық жаңалықтармен ұштастырыла отырып дайындалған ас ұсынылады. Ал «Olivia» мейрамханасында Италияның ең тәтті тағамдары пісіріледі, ағылшын бары «White Horse» демалыс пен кездесулердің ең әдемі орны болмақ. Мұнда шарап мен вискидің сан алуан түрлерін қала бойынша тек осы жерден ғана табатын боласыз. «Atrium cafe&Lobby Lounge» фортепиано әуенімен сізді музыка әлеміне жетелейді, ал «Vita» барында фитнес жаттығулар мен SPA-процедуралардан соң, денсаулыққа пайдасы мол аспен жүрек жалғайсыз. 
Салынып жатқан «Rixos Khadisha Shymkent» - Қазақстандағы төртінші қонақүй. Алғашқы үшеуі – Астана, Алматы және «Бурабай» курорттық аймағында орналасқан. Мамандардың айтуынша, жаңа қонақүй отандық қызмет көрсету индустриясының әлемдік деңгейде дамуына үлесін қосатын болады. Сонымен қатар, қазақстандық туризмнің дамуына да атсалыспақ.

* Қонақүйдің мекенжайы: Байтұрсынов және Желтоқсан көшелерінің қиылысы, Мұз сарайына қарама-қарсы. Әуежайға дейін 25 минутта, ал теміржол вокзалына 15 минутта жетуге болады.

Последнее изменение Пятница, 17 Октябрь 2014 11:29
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.