Жастар тәрбиесі назарда Избранное

Среда, 22 Октябрь 2014 10:16 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4444 раз

«Қайтпас-1» шағынауданындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде аға буынның өнегелі істерін насихаттау, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты  дамыту  мақсатында   «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» атты іс-шара өтті.Облыстық ішкі саясат және ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен келелі жиынға облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, ҚР-на еңбек сіңірген еңбек ардагерлері, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, Назарбаев зияткерлік мектебінің ұжымы мен оқушылар және олардың ата-аналары қатысты.


1343711041 zhastarАлғаш сөз алған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов балалар арасындағы қылмысқа тоқталды. Оның айтуынша, биыл қаңтар- қыркүйек айлары аралығында 115 оқушы түрлі қылмыс жасаған. Ата-ана мен мектептің арасындағы байланыстың үзілуі , тәрбиенің ақсауы басты себеп болып отыр. ҚР Мәдениет қайраткері, еңбек ардагері, профессор және педагогика ғылымының кандидаты Несіпханым Камалова жастар арасында материалдық құндылықтарға мән беру, батысқа еліктеушілік басым болып отырғанын, ұлт болу үшін ұлттық құндылықтарға бас ию керектігін айтты. Еңбек ардагері, профессор, облыстық мәслихаттың депутаты Лесбек Тәшімов материалдық байлықпен рухани құндылықтардың қатар жүруі маңыздылығын аға ұрпақ қазіргі буынның бойына сіңіруге ат салысуы қажеттігін алға тартты. «Ырыс алды-ынтымақ» облыстық қоғамдық форумының хатшысы, жазушы Мархабат Байғұт мектептердегі ата-аналар жиналысына көңілі толмайтынын жеткізіп, жастарғ құнды кеңестер берді. Мұнан соң жаңадан жарық көрген «Күнгей көңіл» атты кітабын Назарбаев зияткерлік мектебіне сыйға тартты.
Өз кезегінде мектеп мұғалімдері Б. Көпбосынов және Сонали Рой командалық оқыту жүйесі бойынша 3 тілде ашық сабақ өтті. Оқушылар өздерінің алғырлығы мен шапшаңдығын көрсетті. Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Қ.Әбдірахманованың айтуынша, мектепте әлемдік стандартқа сай білім беріледі, тәрбие мен білім қатар жүреді. Оқушылар мен білім беретін мұғалімдер сайдың тасындай іріктеліп алынған.
Тәрбиелік мәні зор іс-шара барысында оқушылар аға буынға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай тағлымы мол іс-шаралар жалғасын табатын болады.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА.

Последнее изменение Пятница, 31 Октябрь 2014 11:31
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.