Қаңғыбас иттерден қауiп азайған

Пятница, 07 Ноябрь 2014 04:19 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4669 раз

Биылғы он айдың қорытындысында қаңғыбас иттерден зардап шеккен қала тұрғындардың саны – 3785. Былтырғы жағдайды салыстырып қарайтын болсақ, бұл тәуір көрсеткіш. Қалаға жаңадан қосылған елдімекен тұрғындарын да қоса есептегендегі жағдай бұл.

3713 0 0 images material 2011 12 kangibas itterШымкент қалалық әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте осы мәселе кеңінен сөз болды. Қаңғыбас иттерді аулаудың барысы, зардап шеккен тұрғындарға қандай көмек көрсетіліп жатқанын да білдік.
Қаланың аумағы үш есеге ұлғайғанына қарамастан, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда зардап шеккен тұрғындардың саны он алты пайызға кеміп отыр. Яғни, былтыр 4401 адамды ит қапқан. Бүгінде мемлекет тарапынан қаңғыбас иттерді жоюға, құтырудың алдын алуға қарсы жұмыстарға тиісті қаражаттар толығымен игерілген. Қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Ғани Құрманбайдың мәлімдеуінше, биыл қаңғыбас иттерді аулауға бюджеттен отыз бір миллион теңге бөлінген. Алты бригада күнделікті жұмыс атқаруда.
Бөлім басшысы қосымша жергілікті мәслихаттан тағы алты миллион бөлуді қарастыруды ұсынатынын да айтып берді. Ол жұмысты одан әрі жандандыру үшін керек.

Әділ АЙТӨРЕ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.