Сапалы жолдар салынады

Пятница, 14 Ноябрь 2014 05:52 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5206 раз

«Береке-А» корпорациясының ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын талқылады. Маңызды құжатты бүге-шүгесіне дейін талдаған баяндамашылар ондағы маңызды бастамаларды қарапайым да түсінікті тілмен жеткізе білді.

DSC 1046«Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық филиалы мен қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен басқосуда ОҚМФА-ның кафедра меңгерушісі Қанат Кемелбеков биылғы Жолдаудың болашаққа бастайтын ұлы жол екенін айта келе, оның жүзеге асуына жұмыла кірісу қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, жол, баспана мәселесінің шешімі табылатынын ерекше атап өтті. «Нұр Отан» партиясы Еңбекші аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Берік Садық Жолдауда айтылған тұрақтылық пен келісім мәселесіне тоқталды. Ал, облыстық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі, «Береке-А» корпорациясының бас директоры Рәшкүл Оспаналиева Елбасының жол салуға аса көңіл бөлуі қуантарлық жағдай екенін айтты.  
– Қазір біздің корпорацияда 600-ден астам адам жұмыс істейді. Елбасы Жолдауында айтылғандай,  жол құрылысын қарқынды жүргізетін болсақ, облысымыздың өркендеуімен қатар, сіздердің де әлеуметтік жағдайларыңыздың жақсаратыны аян. Президент ұлтаралық татулыққа да баса назар аударды. Корпорацияда бірнеше ұлттың өкілдері  бірлесе тату жұмыс істеуде, – деді Р. Оспаналиева.
 «Береке-А» корпорациясының ұжымы ел үшін маңызды саяси құжат – Жолдауға қолдау білдірді.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

2001 жылдан бастап журналист болып жұмыс істейді.  Бұған дейін "Сайрам ақшамы", "Отырар" телеарналары мен "Юмакс" радиосында жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап қалалық "Шымкент келбеті" газетінің тілшіcі.