Компьютерлік бағдарлама инспектордың қатысуынсыз құқық бұзған автокөліктің суреті және әкімшілік айыппұл мөлшері көрсетілген мәліметті пошта арқылы тапсырыс хатпен жол ережесін бұзған тұлғаның мекен жайына жолдануын қамтамасыз етеді.
1 қаңтардан бастап Шымкент қаласының көше қиылыстарында 10 «зияткерлік көше қиылысы» автоматты жүйелері іске қосылды. Бұл бейнекамералар көше қиылыстарындағы жол қозғалысы ережесінің сақталуын бақылайды.
Енді бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өту, тоқтау сызығынан өтіп кету және автокөліктердің қарама-қарсы бағытқа шығу жағдайлары зияткерлік камераларының көмегімен бақыланатын болады. Әрбір құқыбұзушылық компьютер арқылы анықталып, мәліметтер базасында сақталады. Бейнебақылау құрылғысы жол ережесін бұзған көліктің нөмірі мен мемлекеттік тіркеу белгісін қосып тіркейді. Полицияның бақылауындағы автокөліктердің бағытын анықтап, іздеуде операторға белгі береді. Компьютерлік бағдарлама инспектордың қатысуынсыз құқықбұзған автокөліктің суреті және әкімшілік айыппұл мөлшері көрсетілген мәліметті пошта арқылы тапсырыс хатпен жол ережесін бұзған тұлғаның мекен жайына жолдануын қамтамасыз етеді.
Аталған жүйелер Ахунбаба-Гагарин, Сайрам-Желтоқсан, Тәуке хан – Елшібек батыр, Жібек жолы – Аймауытов, Момышұлы – Рысқұлов, Республика даңғылы мен Асқаров, Тәуке хан мен Қазыбек би, Рысқұлов – Дулати, Сайрам-Жібек жолы, Қонаев гүлзары мен Желтоқсан, Тәуке хан мен Момышұлы (2011 жылдан бастап іске қосылған) көшелерінің қиылысында орналасқан.
Шымкентте 2009 жылы жылдамдықты асыру және бағдаршамның тиым салынған белгісіне өтуді анықтайтын 24 стационарлы жүйелер жұмыс істейді.