Тәртіп бұзғанға талап қатаң

Пятница, 30 Январь 2015 06:10 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4769 раз

Шымкентте қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі БАҚ өкілдерімен қоғамдық көліктерге кешкілік тексеру жүргізді. Рейдтік іс-шара кезінде қоғамдық көліктердің кестемен жүру бағыттары бақыланып, тәртіп бұзғандарға хаттама толтырылды.

7b45e84a5f85bdc87cdd340e051c5c72Рейдте анықталғандай, бірқатар шағынаудандарға қатынайтын қоғамдық көліктер жолаушыларды сағаттап күттірсе, енді бірі кестеден ерте өз жұмыстарын тоқтатып отырған. Мәселен, №20, 42 бағыттағы автобустардың қызмет сапасы белгіленген кестеге сай болмай шықты. Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Жарқын Байдуллаевтың айтуынша, бүгінге дейін қоғамдық көлікке қатысты жұмыс сапасы төмен 14 бағыттағы автобустардың ісі сотқа тапсырылған. Сондай-ақ қызмет көрсету бағытындағы келісім-шарттарын тоқтатқан.
– Қар жауып, күн суытқанда кейбір қоғамдық көліктер себепсіз өз жұмыстарын тоқтатып қояды. Рейдтің мақсаты – сол кемшіліктерге жол бермеу. Алдағы уақытта сапасы нашар, кестеге бағынбайтын қоғамдық көліктердің бағытына заман талабына сай соңғы үлгідегі автобустар қойылып, олардың саны артпақ. Жолаушылардың наразылығын тудырып, арыз-шағым көп келіп түсетін автобустардың ісін сотқа жіберетін боламыз, – деді Ж. Байдуллаев.
Осы күні «Қырғы базар» аялдамасында да қоғамдық көліктерге тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 15.00 мен 18.00 аралығында 25 жолаушылар тасымалына хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.