Байқаңыз! Зияткерлiк камера!

Пятница, 09 Январь 2015 04:57 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4278 раз

Компьютерлік бағдарлама инспектордың қатысуынсыз  құқық бұзған  автокөліктің суреті және әкімшілік айыппұл мөлшері көрсетілген мәліметті пошта арқылы тапсырыс хатпен жол ережесін бұзған тұлғаның мекен жайына жолдануын қамтамасыз етеді.

PC0600291 қаңтардан бастап Шымкент қаласының көше қиылыстарында 10 «зияткерлік көше қиылысы» автоматты жүйелері іске қосылды. Бұл бейнекамералар көше қиылыстарындағы жол қозғалысы ережесінің сақталуын бақылайды.
Енді бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өту, тоқтау сызығынан өтіп кету және автокөліктердің қарама-қарсы бағытқа шығу жағдайлары зияткерлік камераларының көмегімен бақыланатын болады. Әрбір құқыбұзушылық компьютер арқылы анықталып, мәліметтер базасында сақталады. Бейнебақылау құрылғысы жол ережесін бұзған көліктің нөмірі мен мемлекеттік тіркеу белгісін қосып тіркейді. Полицияның бақылауындағы автокөліктердің бағытын анықтап, іздеуде операторға белгі береді. Компьютерлік бағдарлама инспектордың қатысуынсыз құқықбұзған автокөліктің суреті және әкімшілік айыппұл мөлшері көрсетілген мәліметті пошта арқылы тапсырыс хатпен жол ережесін бұзған тұлғаның мекен жайына жолдануын қамтамасыз етеді.
Аталған жүйелер Ахунбаба-Гагарин, Сайрам-Желтоқсан, Тәуке хан – Елшібек батыр, Жібек жолы – Аймауытов, Момышұлы – Рысқұлов, Республика даңғылы мен Асқаров, Тәуке хан мен Қазыбек би, Рысқұлов – Дулати, Сайрам-Жібек жолы, Қонаев гүлзары мен Желтоқсан, Тәуке хан мен Момышұлы (2011 жылдан бастап іске қосылған) көшелерінің қиылысында орналасқан.
Шымкентте 2009 жылы жылдамдықты асыру және бағдаршамның тиым салынған белгісіне өтуді анықтайтын 24 стационарлы жүйелер жұмыс істейді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.