Балалар қауiпсiздiгi – ортақ мiндет

Пятница, 13 Февраль 2015 04:41 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3927 раз

Бүкіләлемдік Біріккен ұлттар ұйымының жариялаған дерегіне сүйенсек, бүлдіршіндерге арналған автоорындықтар көлік апаты кезінде жасөспірімдер арасындағы өлімді 54, ал, жарақат көлемін 70 пайызға дейін төмендетеді екен.

24FKHKvbБұл мәліметті қалалық білім бөлімінің мамандары Молда Мұса атындағы №5 жалпы орта мектебінің ғимаратында өткен ата-аналар жиналысында жеткізді.
Үстіміздегі жылы қаңтар айының 7-жұлдызынан бастап күшіне енген жаңа жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, 12 жасқа дейінгі балалар арнайы автоорындықтар арқылы тасымалдануы тиіс.
– Үстіміздегі жылы тек қаңтар айында орын алған деректерді сөйлетер болсақ, өңірде 28 көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 2 жасөспірім қаза тапқан, 15-і түрлі дәрежеде жарақат алыпты, - дейді облыстық әкімшілік полиция басқармасының капитаны Луиза Ғазиева.
Жиын барысында ата-аналар қауымына балаларға арналған арнайы автокөлік орындықтарының жалпы сипаттамасы, оның өзіндік айырмашылықтары мен бағасы жөнінде нақты мағлұматтар берілді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.