Пайдаланбаған жер телімдері қайтарылады

Пятница, 17 Июль 2015 04:50 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 5471 раз

Мақсатты пайдаланбаған тұрғындарға тиесілі жер учаскелері мемлекетке кері қайтарылады. Шымкентте 137 мыңнан астам азаматтың жер кезегінде тұрғанын ескерсек, бұл күшіне енетін шешім.  Осы және өзге де мәселелер туралы жер қатынастары және жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Серік Тұрбеков журналистермен өткізген баспасөз брифингінде айтты.

zher telimiШымкентте үй іргелік жер телімін алуға 137 мың азамат тұр. Оларға қаланың оңтүстік аумағынан арнайы шағын-аудандар бөлініп, инфрақұрылымдар тартылмақ. Ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу жұмыстары нәтижесінде пайдаланылмай жатқан 651 мың гектар алқап анықталды. Ондай жер учаскелері конкурс негізінде 3481 азаматқа жалға берілді. Шымкентте сондай-ақ, әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында жалған шешімдермен рәсімделген 189 жер учаскесі белгілі болды. Қазір жер қатынастары басқармасы мен кадастр бөлімі арасында жердің жоспары бойынша сәйкессіздіктер мен айырмашылықтар жиі кездеседі. Осындай олқылықтар орын алмас үшін «Казгеокосмоспен» бірігіп ғарыштан суреті түсірілмек. Сөйтіп жердің бас жоспарының электрондық базасы жасалмақ.
Айта кетейік, облыс аумағында  жалпы жер қоры 11 миллион 725 мың гектарды құрайды. Егер бұған дейін жер телімдеріне қатысты мәселелерді жер қатынастар және жер инспекциясы деп аталатын екі бірдей мекеме шешіп келсе, енді бір міндеттерді атқарып жүрген мекемелер жұмыстың тиімділігі үшін біріктіріліпті. Бүгінге дейін облысымызда 18588 жер телімі пайдаланусыз жатыр. Бұл учаскелер мемлекеткке қайтарылып, кезекте тұрған мұқтаж адамдарға үлестіріліп берілмек.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.