Тегiн заңгерлiк көмек кiмдерге көрсетiледi?

Пятница, 17 Июль 2015 07:31 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 6123 раз

Құқықтық мемлекеттің алдында тұрған бірегей міндеттердің бірі-тұрғындарды білікті заң көмегімен қамтамасыз ету. Білікті заңгерлік көмек алу құқығы демократиялық қоғамның жеке бас бостандығы, әділ сотқа жету құқығы, кінәсіздік презумциясы, адамның намысы мен абыройын құрметтеу сияқты және көптеген басқа іргелі негіздерінің кепілдігі болып табылады. ҚР Конституциясының 13-бабына сәйкес, заңмен көзделген жағдайларда әркімнің тегін заңгерлік көмек алуға құқығы бар.

Сондай-ақ, «Адвокаттық қызмет туралы» ҚР Заңының 6-бабына және ҚР «Азаматтық іс жүргізу» Кодексінің 114-бабына сәйкес тегін заң көмегі келесі тұлғаларға көрсетіледі: соттар асыраушысының қайтыс болуы, жұмыспен байланысты мертігуі немесе денсаулығының өзгедей зақымдануы арқылы келтірілген зиянды өтеу туралы істерді қараған кезде талапкерлерге; егер сот қарап жатқан дау кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, 1 және 2 топтардағы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын талапкерлер мен жауапкерлерге; алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, актау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандар.
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясатының тұжырымдамасында ең бірінші кезекте табыс деңгейі төмен адамдарға құқықтық көмек көрсету жүйесін жақсарту қажет екені айтылады. Өз кезегінде, барлық мемлекеттік органдар өз құзыры шеңберінде «Жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген тәртіпте азаматтарға құқықтық көмек көрсетеді. Азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету – бұл мемлекеттің жауапкершілігі мен міндеті.

С. Әлімқұлов,
Шымкент қаласы
Абай аудандық
Әділет басқармасының
заң кеңесшісі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.